Мамандығым – мақтанышым

Әр жастың арманы Алматыда оқып, білім алу. Сондай үлкен арманға мен де жеттім. Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің студенті атандым.

Жетекші оқу орындарының бірі саналатын бұл білім орда­сында елімізге қажетті көптеген мамандықтар даярланады. Әр мамандық өзінше ерекше, қоғамға да аса пайдалы. Өйткені, қоғам болашағы жастардың қолында. Мәңгілік ел жастары өздерінің болашағы, елінің келешегі үшін халқына пайда­сын тигізетін азамат болуға міндетті. Ал тағылымды тәрбие мен өрісті білімнің іргелі ордасы атанған бұл колледждің студент-жастары сол міндетті ақтайтыны сөзсіз.

Алматы мемлекеттік поли­тех­никалық колледжінің мис­сиясы  – жоғары білікті маман­дарды өзгермелі еңбек нары­ғының қажеттіліктеріне қара­мастан, таңдаулы кәсіби қыз­меттерді құзыретті көзқарасқа бағыттай отырып, көшбас­шылыққа тәрбиелеу.

Мен «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтама­сыздандыру» мамандығы бойын­ша ТЗИІ тобының студентімін. Бұл мамандық, яғни «Ақпаратты қорғау технигі» әр түрлі саладағы ұйымдарда ақпаратты қорғаудың құжатта­малық және ұйымдастыру-технологиялық жұмыстарымен айналысатын мамандар меке­мелерге арналған қорғаныс жүйелерін құрады; жергілікті компьютерлік желіні вирус­тардан және хакерлердің шаб­уылынан қорғайды; маңыз­ды ақпараттың жариялануын және қызметкерлердің қате­ліктерін болдыртпайды.

Елбасымыз Нұрсұлтан На­зарбаев өз Жолдауында кибер­қауіпсіздік мәселесін басым бағыттардың қатарына шығарып, қылмыстың осы түрімен күрестің көкейкестілігі күн сайын артып келе жатқанын бөле-жарып атап өткен болатын. Жалпы, киберқауіпсіздік – құпиялылық, тұтастық және қол жетімділіктің қауіпсіздік шара­ларын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын процесс. Жүйелік администратор актив­терді қоса алғанда, компью­терлердің жергілікті желі деректерін, серверлерді қор­ғауды қамтамасыз етеді. Ки­берқауіпсіздік демек, деректерді қорғау болып табылады. Осы мамандықты ойдағыдай бітіріп, елімнің киберқауіпсіздігін күшейту мақсатында жұмыс жасап, еліме өз үлесімді қосқым келеді. Бейбітшілігі жарасқан, бірлігін нық ұстаған, күннен-күнге жапырағы жайқалып келе жатқан Тәуелсіз елімнің ерке қызы ретінде өзімді едәуір бақытты сезінемін. Еліміздің өсіп-өркендеуі, дамыған елдер­дің қатарынан көрінуі заманауи алғыр ойлы жастар мен сол жас­тары­мызға бағыт-бағдар беріп, білім нәрімен сусындатар білікті ұстаз­дарымыздың қолын­да деп ойлаймын. Ең мықты ел – тірегі темір қазықтай болат жастармен бағаланбақ!

 

Шұғыла ТҰРЛЫҚОЖА,

Алматы мемлекеттік политехникалық

колледжінің ТЗИІ тобының студенті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *