МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДА ҚАТЕЛЕСУГЕ БОЛМАЙДЫ

«Алматытелеком» ӨТД студенттермен коммуникациялық сессия өткізді

«Алматытелеком» ӨТД Алматы Энергетика және байланыс университетінің студенттеріне арналған «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесіне қатысты. Жәрмеңке барысында дирекция қызметкерлері университеттің 20 түлегінің анкеталарымен танысты. 

Шараға барлығы 17 компания қатысып, оның ішінде 10-ға жуығы байланыс операторлары болды.

Коммуникациялық сессияның аясында «Алматытелеком» ӨТД студенттерге «Қазақ­телеком» АҚ «PROtelecom» тәжірибе бағдарламасын ұсынды.  «Бағдарлама кәсіптік өсу перспективасымен студент­терді қолдауға, «Қазақтелеком» АҚ-мен ұзақ мерзімді қарым-қатынас құру үшін, сонымен қатар компанияда одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігін қамтама­сыз етуге бағытталған», – деп атап өтті «Алматытелеком» ӨТД  HR директорының м.а. Гүлнар Райымбекова.

Студенттермен кездесу барысында дирекция қызметкерлері филиалдағы бос орындар туралы кеңестер өткізіп,  бос лауа­зымдарға жұмысқа орналасу мүмкіндік­терін айтып және филиалдың құрылымдық бөлімдерінде тағылымдамадан өту мүм­кіндігі туралы баяндап берді.

«Қазақтелеком» АҚ «PROtelecom» тәжірибе бағдарламасы өтудің бірнеше кезеңдеріне бөлініп, келесі процестерді құрайды – коммуникациялық кездесулер кезінде немесе job.telecom.kz корпоративтік сайтында электронды өтініш арқылы өтінімдер жинау, сандық, мәтіндік және графикалық ақпаратты талдау дағдыларын дамытуды анықтауға мүмкіндік беретін тестілеуден өту, өтініш берушінің жеке сипат­тамаларын бағалауға мүмкіндік беретін анкеталар толтыру, сонымен қатар филиалдың HR және желілік менеджер­лерімен сұхбаттасты.

Компанияның тағылымдамадан өту мерзімі 3 ай. Тағылымдаманың қорытын­дысы бойынша бағдарламаның табысты бітірушілері филиалда ішінара немесе толық жұмысқа орналасып, ең жақсы нәтижені көрсеткен студенттерге жұмыс тәжірибесіне орындар тағайындалып, компаниядан келесі оқу жылына грант/стипендия тағайындалып, бұдан бөлек, үздік стажерлар «Қазақтелеком» АҚ сыртқы кадр резервіне енгізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақ­теле­ком» АҚ «PROtelecom» тәжірибелік бағдар­ламасы  2018 жылы іске қосылған болатын. Бүгінгі таңда бұл бағдарламаны Алматы қаласы мен Алматы облысының жоғары оқу орындарының 3 және 4-курс студент­тері белсене пайдаланады.

 

Диана САБРАЛИЕВА,

Қоғаммен байланыс  қызметінің маманы.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *