Малда жазық жоқ…

Құттыбек АЙМАХАН

 

Ораза кезінде малдың көп сойылатыны жасырын емес. Бұл ретте олар негізінен құрбан­дық ретінде шалынып, өмірден қайтқан адамдарға бағышталып жатады. Дегенмен, ораза айында елімізді айтпаған­да, бір Алматы­ның өзінде қанша мал сойыла­тынын сана­ған емеспіз. Тіпті, қазір шаһарда жай күндердің өзінде де мал жиі пышаққа ілініп жатады. Мысалы, өткен айда бір шаруа­мен Қызылгвар­дияшылар тас жолындағы мал базарына бара қалдым. Сізге өтірік, маған шын, айналасы бір сағаттың ішінде онда 5-6 мал­дың сойыл­ғанын, сосын одан екі еседей көп ұсақ малдың сатылып кеткенін көзіммен көрдім. Бұл біз тұратын Ал­матыдағы бір ғана базарда бір-ақ сағатта болған жағдай…

Жалпы, соңғы кездері елі­міз­де азық-түлік өнімдерінің бағасы жылдам көтеріліп бара жатқаны байқалады. Соның ішінде басқа тамақ өнімдеріне қарағанда, әсіресе, сиыр, жыл­қы, қой және шошқа еттерінің бағасы айтар­лықтай қым­баттай түскені бай­қалады. Статис­тикалық мәлімет­терге сүйенсек, бұл қымбат­шылықты алдымен Астана мен Алматы қалалары­ның тұрғын­дары анық сезінеді екен.

Атап өтетіні, Алматыдағы ет сататын дүкендер мен базар­лар­да ет бағасын көрген тұ­тыну­шылар сөре алдында ойланып, біраз тұрып қалатын болған. Ал мұндай «көңіл-күй» шаһарда өткен жылдың көк­темінен бастап байқала баста­ған секілді. Өйт­кені, өздеріне ақша керек болған ауыл тұрғындары малдарын көптеп сойып, қалаға таситын болған. Соны көргенде «бүйте берсе қолдағы мал басы азайып кете­тін шығар» деп маза­сыздана ойлайтын болдық.

Осындай жағдайды аңғарған са­рапшылар да күрт қимылдап, етке өткен мал саны мен оның бағасын есептей бастапты. Нәти­жесінде биыл көктемде сойылған ет бағасы 9 пайыз­ға, оның ішінде сиыр етінің құны 10 пайызға дейін қымбаттап кеткені аң­ғарылған. Ал жылқы, қой және шош­қа етінің бағасы бұдан сәл төмендеу болғанымен, олар­дың өзі де қалтаны әжептеуір жұқарта бастаған сыңайлы.

Әрине, еттің жылдам қым­бат­тауы халқымыздың ең жан­ды жеріне тие бастағаны бай­қалып жатыр. Сон­дықтан да олар Ауыл­шаруашылық ми­нистр­лігіне ха­барласып, оларды сұрақтармен сілкілей бастаған. Ал осыған орай министр­лік­те­гілер халыққа «Қа­зақ­стан көрші елдерге, оның ішін­де Қытай мен Иранға етті көптеп экспортқа шығара бастады. Бірақ бұл ет бағасының өсуіне ықпал етпеуі тиіс» деп жауап берген. Атап өтетіні, соңғы кездері мүйізді ірі қара малы «пышаққа жиі түсетін» болып­ты. Мысалы, былтыр елімізде сойыл­ған мал еті 1 млн. тонна­ны құраса, соның жарты­сына жуығы сиыр етінің үлесіне тиген.

Шыны керек, қазір халық­тың етке деген тәбетінің өсіп бара жатқаны жасырын емес. Ал оның қызығын кімдер көріп жатыр. Атап айтқанда, ет сатушылардың сөзіне сүйенсек, мал еті соңғы тұтынушыға жет­кенше оның пайдасын фермер­лер ғана емес, сонымен қатар екі ара­дағы делдалдар да көріп үлгереді екен. Өйткені, олар жол-жөнекей ет бағасын өздері қымбаттатып, ақыр соңында қарапайым тұ­тыну­шы зардап шегетін көрінеді. Осы ретте сарапшылар ет бағасы қыр­күйекке қарай арзандай бас­тайды деп отыр. Себебі, бұл кезде олар түскен ақшаға мал азығы мен жанар-жағармай алу үшін қолдағы малды жаппай сата бастайды екен.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *