«МАЙДАНДАҒЫ ЕРЛІКТІ РУХАНИ САЛАДА ЖАЛҒАСТЫРДЫ»

Шаһардағы Ш.Қалдаяқов–Гоголь көшелерінің қиылысындағы үйде жиырма алты жыл тұрған жазушы, аудармашы Бақытжан Момышұлының құрметіне сол үйдің алдына ескерткіш-тақта қойылды.

Тақтаның ашылу салтанатына Алма­ты қаласы әкімдігі, Жамбыл облысы әкімдігі, Қазақстан Жазушылар одағы­ның өкілдері, Бауыржан Момышұлы­ның әулеті мен туған-туыстары, зиялы қауым, әскери мек­теп курсанттары және қала жұртшылығы  қатысты.

Қызмет жолын Жамбыл облысын­дағы аудандық, облыстық газеттерден бастаған Бақытжан Бауыржанұлы өзінің төл шығар­ма­ларымен қоса, еліміз­дің белгілі жазушы­ларының еңбек­терін орыс тіліне аударған­дығымен белгілі. Ескерткіш-тақтаны ресми ашу құрметі Алматы қаласы әкімінің кеңес­шісі Мамай Ахет, мем­лекет және қоғам қайраткері Шәмша Беркімбаева,  әскери ғылымдар докторы Ким Серік­баевқа тапсырылды. Алды­мен сөз алған Мамай Қаниұлы: «Біздің арғы-бергі тарихымызда елдігімізді, ұлттық рухымызды асқақтатқан үлкен әулеттер бар. Бақытжан Момышұлы ағамыз Баукеңдей ерекше құбылыстың есімін одан әрі асқақтатқан, майдан даласындағы ерлікті рухани салада жалғастырған тұлға болғаны белгілі.  Бүгін Алматы қаласы әкімінің арнайы шешімі­мен Бақытжан ағамыздың тұрған үйіне қойылған бұл ескерткіш-тақта Батыр әуле­тіне ғана емес, өзіміздің өзімізге көрсеткен құрметіміз деп білеміз» дей  келе, қала әкімі Б.Байбек­тің атынан Батыр отбасын құттықтады.

 

Бауыржан Момышұлы әулетімен ара­лас-құралас болған ғалым, филоло­гия ғылы­мының докторы Мекемтас Мырзахме­тов Бақытжанмен бала кезінен бірге өскенін айтып, жазушы шығармаларының қалай туғанына куә болғанын тілге тиек етті. Әсіресе, оның қазақ жазушыларын орыс тіліне аударудағы шеберлігін айта келе: «Бақытжан Момышұлының аударма­лары түпнұсқадан да жақсы болып шыға­тын. Ол тіл бояуы мен иірімдерін, сөз өрнек­терін терең меңгерген ойлы жазушы еді», –  деді.

 

Жиынға қатысушылар тектінің тұяғы, асылдың сынығы, «Кітап – мәңгілік ескерт­кіш» деген ұстаныммен қаламын қолынан түсірмей,  тынымсыз еңбек еткен, соңында жиырмадан астам кітап қалдырған Бақыт­жан Момыш­ұлының адами-азаматтық қасиеттері мен жазушылық қыры, өнегелі өмірі туралы тебіреністі естеліктерімен бөлісіп, тұлға рухына тағзым етті.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close