Май шаммен қарап жатыр

Украинаның Бас прокуратурасы бұрынғы президент Виктор Ющенконың мүлкін тәркілеу үшін сотқа өтініш жасады. Бұл жөнінде «Украинская новости» агенттігі мәлімдеді.

Алтыншы маусымда Ющенкоға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оған мемлекеттің 540 млн. гривен (20 млн. доллар) тұратын мүлкін жымқырды деген айып тағылып отыр. Оның иелігінде бірнеше үй, жер учаскелері бар делінген. Ющенконың өзі бұл жаймен келіспей отыр. Дегенмен де, Бас прокуратура бұл мәселені май шаммен қарамақшы.

 

Шырмауық

Ресейдің федерация кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко балалар үшін ең қауіптісі интернет дейді.

Қылмыстың көптеген түрлері – асылып өлу, наша сату, алаяқтық, кибербу¬лингтің бәрі осы интер¬неттен тарап, адамзатты алаңдатып отыр. Демек, интернетті баланың жанын тез арбап алатын шыр¬мауық деп бекер атамаса керек.

 

Құпия жерленеді

Бірінші шілдеде Баренцево теңі¬зінде қайтыс болған 14 теңізшіні Санкт-Петерборда құпия жағдайда жерлемекші.

Қайтыс болғандардың туыстары жерлеу орны мен уақыты ресми жариялануына қарсы болған. Жерлеуге марқұмдардың туыстары, жақындары, достары, бірге қызмет еткен әріптестері ғана қатысты¬рылмақшы.
Қайғылы оқиға кезінде корабльдің 14 аға офицері қайтыс болған еді. Оның екеуі Ресей батыры.

 

Жалқаулардың жұмысы

Бүгінде жұмысының көлемі және жеңілдігі жағынан ең тиімді кәсіп күзетші болу екен. Түсініктеме берушілердің көбісі осындай шешімге келген. Мәселе түсініктемеге қатысушылардың бірі, көлік компаниясында күзетші болып істейтін біреудің еріккені сонша, ол жалыққаннан күні бойы арнайы алып келген дискідегі фильмдерін көріп уақыт өткізеді екен.

Ендігі бір зерттеулерде бұл топқа мұражайдың картинаға не бір нәрсеге түсінік берушілері де жататын көрінеді. Олар күні бойы қалғып-мүлгіп отырады екен, тек экспонатқа біреу жақындап, ишара білдіргенде ғана тұра жүгіреді. Сонымен қатар, мұндай жұмыстар зауытта да көбірек кездеседі. Мәселен, машинист зауытта автоматты түрде жасалатын детальдарды бақылап отырады. Егер ол тоқтап қалған жағдайда, инженерді шақырады. Арнайы қондырғы белгі бергенше ол смартфонын шұқылап, сөзжұмбақ шешіп отыра береді. Ал енді қарттар үйінде істейтін судан құтқарушы күн сайын қарт кісілерге көз алмай қарап отыратын көрінеді.

 

Байлыққа кенелді де қалды

Әйгілі әзілкеш Михаил Задорновтың әйелі Вера Задорнова Бірінші телеарнаны сотқа беріп, байлыққа кенелді де қалды. Аталмыш арнада атақты сатириктің кешінен көрсетілімдер берілген. Сатириктің жары сотқа берген өтінішінде оған мұрагер ретінде өтемақы төлеуі талап етілген.

Мәскеудің арбитраж сотының сайтында сот шешімі бойынша оның 3,75 млн. рубль алу керектігі айтылған. Бұл телеарнадан көрсетілген Задорновтың екі шығармашылық кешіне байланысты. Мұндай концерттің бесеуі өткен көрінеді. Ал сатириктің әйелі соның әрқайсысына 1,5 млн. рубль төлеуді сұраған. Алайда, сот оның өтінішін екі есеге қысқартып, тең жартысын ғана төлеуге шешім шығарған.

Михаил Задорнов 2017 жылдың 10 қарашасында өмірден озған. Төтеннен келген дертті жеңуге дәрмені жетпейтінін білген ол қалған өмірін жақындарының қасында өткізеді. Ол авторлық құқын қос әйелі – В.Задорнова мен Е.Бамбинаға қақ бөліп кеткен екен.

 

Үйде емес, жұмыста жайлы

Нәзік жандылар өзін жұмыс кезінде не көлікте емес, көбіне үйде жайсыз сезінетін көрінеді. АҚШ-тың Пенсилвания штаты университетінің ғалымдары зерттеу барысында осындай шешімге келген.

Шынында әйел заты өзін үй жағ¬дайынан гөрі қызметте еркін сезінетін көрінеді. Арнайы зерттеуге қатысқан 122 әйелдің өмірі бұл ойға айғақ болып отыр.
Қорытындысында, әйел адамның жұмыстан гөрі үйде күйзеліс жағдайы басым екені анықталды. Әйел адам үйге келсе де жұмыс күні жалғаса береді. Ол еркек сияқты диванға бірден сұлап түспейді. Оған үйдегі міндеттерін (үй жинау, кір жуу, ас дайындау, т.б.) қоса атқаруға тура келеді. Оған тіпті сенбі, жексенбі деген де жоқ. Бұл оған моральдық және физикалық жағынан да оңайға түспейді. Ал бұл мәселеге келгенде балалар мен еркек атаулы жауапкершіліктен жұрдай десе де болады ғой.
Р.S. Әрине, бұл пікір еуропалықтар үшін қолдау табатын шығар. Ал біздің елде әйел баласы үй шаруасынан рахат тапса керек қой деп ой¬лаймыз. Олай болмаса әйелде әйелдік қасиет қала ма?..

Қ.ИМАН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *