МАХАББАТТЫҢ ШЫНЫ КӨПІРІ

Әлемде сәуірдің соңына қарай тұңғыш рет 5D технологиясымен салынған махаб­батқа арналған шыны көпір Вьетнамның Сон-Ла елді-мекенінде ашылмақшы. Ол жүрек және жайқалған жапырақ үлгісінде жасалған. «Махаббат көпірінің» ұзындығы – 80 метр, ені – 2 метр. Онда бір мезгілде 70 адам сейілдеуге мүмкіндігі бар. Мұнда барлық қауіп­сіздік сақталған.

 

Қара қалыңдықтар

«Естімеген елде көп. Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» деген. Италия­ның Сардини тұрғындары әйелдер үшін қара орамал тағыну қуаныштың белгісі екен. Әйелдердің, қыздардың мұндай қара бас киім киюі күйеуге және онымен үйленуге жол – шаһардағы ең маңызды деген мерекелерге көрсеткен сенімділік белгісі екен. Тек орамал емес, қара фартук кисе де, ол қуанышты жағдайдан хабар беріп тұрады. Күйеу мұндай фартукты қалыңдығына құда түсе келгенде сый­лайды.

Қ.ИМАН.   

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *