Махаббат деген сөзден гөрі жауапкершілік, еңбекқорлық, адалдық деген сөздер маңызды

Асқар ЖҰМАДІЛДАЕВ:

Махаббат деген сөзден гөрі жауапкершілік, еңбекқорлық, адалдық деген сөздер маңызды

– Тұманбай ақынның «Дос керек» деген өлеңі бар. Ал дос не үшін керек? Менің теориям бойынша, дос деген қарызға ақша алып қайтармай қою үшін ғана керек. Мысалы, менен қарызға ақша алғандардың біреуі қайтарған жоқ. Неге адамдармен кездесуден қаша беремін? Тоқсан  тоғыз пайызы заңды бұзуға итермелейді. Ақымақ біреуді «жұмысқа тұрғызшы» дегендей сөздерді жиі естимін. Немесе ақша сұрайды. Ақшаны не істейді? Той жасайды. Бұл – мақтанатын нәрсе емес. Абай «істің немен бітері басталғанынан білінеді» дейді. Қазақтың көбі бір нәрсеге ашуланып, долданып жүреді. Ал неге олай жүреді? Өздері де білмейді.

…Дос түгілі, махаббат дегеннің өзін түсінбеймін. Мысалы, қараңыз, махаббат деп үйленеді, ол махаббаты жарты жылға шыдамайды. Пушкин «Вечная любовь живет едва ли три недели» дейді. Осы сөзді Керннің күнделігіне жазып кетеді. Меніңше, махаббат деген сөзден гөрі жауапкершілік, еңбекқорлық, адалдық деген сөздер маңызды.

 

(«QAZAQ ADEBІETІ», 1.11.2019.).    

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *