«Мағжан оқулары» мәреге жетті

Алатау ауданындағы №1 Оқу­шылар үйінде Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа наси­хаттау мақсатында «Мағжан оқулары» байқауы өтті. Дәстүрге айналған байқаудың негізгі мақсаты – жас ұрпақ санасына ұлтымыздың жа­лынды ақыны Мағжанның өшпес жырларын, рухани мұрасын жете таныстырып, оның шығарма­шылы­ғына деген қызығушылығын арттыру болды.

Сондықтан, ақынның өмірі мен шығармашы­лығын білуге ұмтыл­ған жас дарындар өте көп болды. Аудандық байқауға 25 оқушы қатысып, үш кезең бойын­ша сынға түсті. Байқаудың бірінші кезеңі – «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» деп ата­лып, үміткерлер Мағжан шығармаларын жатқа оқыды.

Екінші кезең «Толқынмен толқын сырласып» деп аталып, оқушылар Мағжан Жұмабаевтың шы­ғармалары бойынша өздерінің зерттеу жұмыстарын қорғап шықты. «Соңғы түйенің жүгі ауыр» демекші, үміткерлер соңғы сынақта «Ақын да бір бала ғой, айға ұмтылған» деп өздерінің ақынға арналған өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ, бұл сынақтың қиындығы сол – үміткерлер өздеріне берілген тақырыпқа қолма-қол өлең арнауы керек болды.

Сонымен, құрамында Алатау аудандық білім бөлімінің әдіскері Әлия Смағұлова, №1 Оқушылар үйінің оқу-тәрбие бөлімінің меңгерушісі Сайрагүл Шағатаева, №1 Оқушылар үйінің «Қазақ тілі» үйірмесінің қосымша білім беру мұғалімі Алтын Есімбаева мен әдіскер Құралай Жанұзақова дарынды, жан-жақты, ауданның намысын қорғайтын жастардың есімдерін анықтады.

Аудандағы №152 жалпы білім беретін мектептің 9 «ә» сынып оқушысы Меруерт Жантаева, №156 мек­тептің 9 «ә» сынып оқушысы Дина Молда­бер­генова мен №156 мектептің 8-сынып оқушысы Эль­мира Османбек бас жүлдені жеңіп алды. Байқаудың І орнына №169 мектеп-лицейдің оқушылары Жалғас Тоқтаров пен Аружан Бердібай ие болса, екінші орынға №26 мектептің оқушылары Іңкәр Құрманбаева мен Ақкенже Оразбек, №180 мектептен Айдын Дәулетбек ие болды.

Үшінші орынға №152 мектептің оқушысы Әнел Жұбаева, №156 мектептің оқушылары Үрниса Бөрібай, Аяулым Молдақожа, Дина Молдабер­генова және №181 мектеп оқушысы Жібек Сәу­лебек ие болды. Барлық жеңімпаздар мақтау қағаз­дарымен марапатталды.

Рая ЕСКЕНДІР

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close