МАҚСАТ – ЕЛІМІЗДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ

Түрксіб ауданы әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында аудан әкімі Павел Кулагиннің төрағалығымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған аудан активінің жиналысы өтті. Басқосуға аудандық мәслихаттың депутаттары, әкімнің орынбасарлары, аудандық «Нұр Отан» партиясының мүшелері, аудандық құрылымдардың басшылары, бизнес өкілдері, ҮЕҰ, жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері, ЖОО және арнайы орта оқу орындарының, сондай-ақ, білім және денсаулық сақтау саласының басшылары қатысты.

Мәншүк БЕКБОСЫН

Бірінші болып сөз алған аудан әкімі Павел Кулагин Жол­даудан туындайтын міндеттер жайлы кеңінен баяндама жаса­ды.

Жыл сайын Елбасының Жол­дауын талқылау – біздің игі дәстүрімізге айналды. Жолдауда басты орын адамдарға жан-жақты қамқорлық жасауға, өмір сапасын жақсартуға, тұтастай алғанда, қазақстан­дықтардың әл-ауқатын нығайтуға беріліп отыр. Елбасының биылғы Жол­дауындағы алты міндеттің бәрінің маңызы зор. Нақты айтқанда, бұл – боламын деген елдің, өрлей­мін деген халықтың бұлжымас міндеттері, – деді аудан әкімі.

Алқалы жиында сөз алған «Концерн Баккарасова» ЖШС-нің бас директоры Елена Бакка­расова инновациялар қазақ­стан­дық өнімдердің сапасы мен бәсе­кеге қабілеттілігін арттыратынына назар аударды.

–       Биылғы Жолдау да ха­лық­­тың күткен ойынан шықты. Себебі онда көп­теген қордаланып қалған проблемаларға көңіл бөлініп, оларды шешу жолдары нақтыланды. Үкіметке тиісті тапсыр­малар берілді. Мемлекет инновацияның өсуін қолдап отыр. Инновациялар өнімділік пен еңбек тиімділігін күрт ұлғай­туға алып келеді, – деді ол.

Аудандағы №31 мектептің директоры Ақерке Мақұлбек­қызы Елбасының Жол­да­уында 2019 жылдан бастап «Педагогтар мәртебесі» туралы арнайы Заңның қабыл­данатынына ерекше мән берді.

–       Елбасы ұстаздар қауы­мы­на үнемі қолдау танытады. Биыл­ғы Жолдауда да мұға­лімдердің кәсіби тұрғыдан шыңда­луына баса назар аударды. Алдағы уақытта Мемлекет басшысының бастама­сы бойын­ша «Мұғалім­нің мәрте­бесі туралы» Заң қабылда­натын бола­ды. Бұл өз кезе­гінде осы мамандықтың қоғамдағы беделін артты­рып, ең тәжірибелі, дарынды, өзіндік көзқарасы қалыптасқан мақсат­кер жас мамандардың күшті ағынын қамтамасыз етеді, –деді А.Мәмиева.

Ал №32 емхананың бас дәрігері Артур Кажибаев халық­тың денсаулығы – мемлекеттің байлығы екендігін бір кісідей білетін Елбасы бұл мәселе төңірегінде де көптеген құнды ойлар айтты деген пікір білдірді. Оның айтуынша, биылғы Жол­дауда тұрғындар үшін медици­налық көмек­тің қолжетімділігін кеңейтуге айрықша назар аудару қажеттілігі тілге тиек етілген.

Бұдан өзге, Түрксіб ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалия Асқарқызының айтуын­ша, халықтың әл-ауқаты жақсы, тұрмысы жоғары болса, жастар білімді, мамандар білікті, қарттар қамқорлықта бола бермек екен.

Аудан активін қорытын­дылаған аудан әкімі П.Кулагин биылғы Жолдауда тек бір жылғы жоспар мен меже міндеттері белгі­ленбегенін, мұнда еліміздің алдағы страте­гиялық мақсаттары айқындалғанын айтып, тарихи құжаттың ел арасында дұрыс насихатталуына маңыз берді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close