МАҢДАЙША ЖАРНАМАҒА ЖАТПАЙДЫ

Сыртқы жарнама туралы не білуіміз керек?

Алматы қаласының аумағында сыртқы көрнекі жарнаманың 16 мың нысаны орналасқан. Көптеген жағдайларда олар рұқсат беру құжаттарынсыз орналастырылады. Бұл туралы Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Кенжебеков мәлімдеді. СжҚҚБ кәсіпкерлерге өз бетінше сыртқы жарнама орнатпастан бұрын рұқсат құжаттарын алуды ұсынады.

Басқармада мәлім болғандай, маңдайша жарнама болып табыл­майтынын ұғыну қажет. Салық төлеуге берешек болып қалмас үшін осы атаулардың арасындағы  айыр­машылықтарды ажырату маңызды.

Жарнама бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне ай сайын мәліметтер жіберумен қатар,  бас­қарма тыйым салуға жатқызылған жарнамаға бақылауды жүзеге асырады.

Мысалы, мына жарнамаларға тыйым салынады:

– этил спирті мен алкоголь өнімі;

– ана сүтін алмастырушыларды;

– сәйкестікті растаудан өтпеген, сәйкестігі міндетті түрде расталуға жататын  тауарларды (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер);

– темекі және темекі бұйымдары;

– алкоголь өніміне, темекі және темекі бұйымдарына сұраныс пен қызығушылықты ынталандыруға бағытталған әр түрлі іс-шаралар, соның ішінде ұтыстар, лотереялар ойнату нысанында;

– қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметі.

Сондай-ақ, салынып жатқан, сонымен қатар алғаш пайдалануға берілген тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) жарнамалауға тыйым салынады. Аталған шектеулер үлестік құрылыс туралы заңда да бар. Ол салынып жатқан тұрғын үйлерде тиісті рұқсатсыз  үлескер­лердің қаржыларын тартуға жол бермеуге бағытталған. Салынып жатқан үйлердегі пәтерлерді сату үшін құрылыс салушы оған рұқсат алуы міндетті, содан кейін  ғана жарнамалауға және сатуға болады. Аталған норманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 650 АЕК мөлшерінде 3 жарнама ұйымы тартылды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы шілде айында басқарма тарапынан қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мегаполистің СОО және СО-ға   өз бе­тінше орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарына тиісті рұқсат алуы, сондай-ақ заңсыз орналастырылған жарнаманы бұзу қажеттігі жөнінде  хат жолданды.

Бұқаралық ақпарат құрал­да­рында таралған ақпараттар бойынша аталған талаптар маңдайшаларға да қатысты. Маңдайша жарнамаға жат­пайтынын атап өту қажет. Бүгінгі таңда басқарма тарапынан жарна­маны маңдайшадан қалай ажырату керектігі жөнінде қарапайым мысал­дары бар жарнама жайында жады­нама жобасы дайындалған. Сыртқы жарнама орналастыру тетіктері жөнінде ролик шығару жоспар­ланып отыр.

Сонымен бірге, жарнамалардың  қисынсыз көлемдері, сондай-ақ сыртқы жарнама нысандарына жатқызылуы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жұмыстары жүргізілуде. Мұндай оқиғалар орын алған жағдайда СжҚҚБ оларды түзетуді жүзеге асырады.

 

Анықтама үшін:

 

Маңдайша – ғимаратқа кірер жолдардың саны бойынша оған кірер жолдың шегінде және (немесе) алып жатқан аумақ қоршауына кірер жолда, сондай-ақ тауарларды өткізетін, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін жер­лердегі жеке және заңды тұлға­лардың меншікті (жалдайтын) ғима­раттарының, оларға жапсарлас құрылыстарының шегіндегі шатыр­лар мен қасбеттерде орналас­тыры­латын, жеке және заңды тұлғаларды дараландыру құралдарын қоса алғанда, олардың қызмет түрі туралы ақпарат.

Сыртқы (көрнекі) жарнама – жарнама құрылыстарында, жыл­жымалы және жылжымайтын нысандарда орналастырылған және елді-мекендер мен жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жол­дарының бөлінген белдеулеріндегі ашық кеңістікте көруге болатын жарнама.

Жарнама – адамдардың беймәлім тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгілеріне, жұмыстарға, көрсе­тілетін қызметтерге қызығушы­лықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткізуге ықпал ететін кез-келген нысанда, кез-келген құралдардың көмегімен таратылатын және орналасты­рылатын ақпарат.

 

Қандай жағдайларда рұқсат  құжаттары талап етілмейді?

  1. Маңдайша;
  2. Жұмыс тәртібі туралы ақпа­рат;
  3. Мәдениет мекемелерінің, орындаушылардың және спорттық іс-шаралардың репертуары бар арнайы бөлінген жерлерде орналас­тырылған афишалар;
  4. Қызмет көрсетудің техникалық құралдары және көлік құралдарын дараландыру;
  5. Жайма сөрелер мен терезе­лерді сырттан көзбен көру үшін мынадай:

а) тауарлық өнімнің үлгілері;

б) жеке дараландыру құралдары;

в) декоративтік және мерекелік безендіру сипатындағы сыртқы немесе ішкі безендіру;

  1. Автожанармай құю станция­ларына кіреберісте орнатылған мұнай өнімдерінің түрлері, мұнай өнімдерінің бағалары, атауы мен сатушының логотипі көрсетілген ақпараттық табло;
  2. Қолма-қол шет ел валютасын теңгемен сатып алу және сату бағамы туралы мәліметтері бар ақпараттық стенд.

Сыртқы көрнекі жарнама орналастыруға рұқсат алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) Форма бойынша өтініш;

2) Сыртқы жарнама орналас­тырылатын жер телімі немесе нысан­ның құқық белгілейтін құжатының нотариалды куәландырылған кө­шірмесі;

3) Үлгі бойынша  сыртқы жарнама нысанының күндізгі және түндегі бейнесі көрсетілген түрлі-түсті эскизі;

4) Нысанның инженерлік қызметі  бойынша шешім;

5) Уәкілге берілген сенімхаттың көшірмесі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *