Мұзтауда ағаш кесу шаралары басталмақ

Бутаковка шатқалының 8 гектардан астам аумағында өсіп тұрған ағаштарды кесу жұмыстары басталмақ.

– Өткен жылы ағаштарды кесуге қатысты мораторий алынып тасталды. 60-жылдары отыр­ғызылған ағаштар бүгінде жаппай қурап тұр.  Мәселен, еуропалық шыршаның қурап тұрғаны обал болды. Шабылған ағаштардың орнына 4 165 жаңа көшет егіледі. Барлығы 34 500 ағаш отырғы­зылады. Ағаштарды кесуге рұқсат алудың барлық кезеңінен өткен соң жоспарға сәйкес 2019 жылы ағаштарды кесуді бастаймыз. 2020 жылы жер дайындалады. 2021 жылы кесілген ағаштардың орнына жаңа көшет­тер отырғызылады, – дейді Іле-Алатау ұлттық табиғи паркі бас директорының орын­басары Дархан Исабеков.

Сонымен қатар, Шымбұлаққа қарай электр желісінің бойына өскен ағаштар да кесіледі. Дархан Исабековтің айтуынша, қураған ағаштарды кесу туралы өтінішті «Алатау Жарық Компаниясы» берген. Кесілген ағаштардың барлығы ұлттық парктің қажет­тілігіне жаратылады. Егер артылып жатса, сатылады. Қазіргі таңда нарықта ағаш отынның 1 текше метрі 3000 теңге тұрады.

 

Н.АСЫЛ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close