МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ «ҰСТАЗДАР ҮЙІНДЕГІ» КЕЗДЕСУІ

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының филиалы Алматы қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында  Қазақ­стан Республикасы Парламенті Мә­жілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясының фракция мүшесі – Гүлнәр Ықсанова, Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депу­таты, «Нұр Отан» партиясының фрак­ция мүшесі – Светлана Бычкова, «Нұр Отан» партия­сының Алматы қалалық фи­лиалы төрағасының орынбасары Алмажан Бақытора­зовамен кездесу өткен еді.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Бас­қарма төрағасының бірінші орынбасары Қараев Жауымбай Амантұрлыұлы және институт  директоры  Раиса Садуақасова  ресми кездесуге арнайы келген халық  қалаулыларына  «Өрлеу­дегі» тың бастама, ізгі қадам, келешектегі жоспарларымен жан-жақты таныстыруда.

«Ұстаздар үйінің» жаңа ғимаратындағы талапқа сай жабдықталған «М.Монтессори» кабинетінің жетекшісі З.Еден­баева Монтессори техноло­гиясын қолданудың әдіс-тәсіл­дерінің ерекшелігімен таныс­тыр­са, инс­титуттың аға оқыту­шысы В.Кай­дакова бала­лардың метатаным­дық дағды­лары мен эмоцио­нальды-психологиялық жағдайын дұрыс қалыптастыру үшін Ертегі тера­пиясын мектепке дейінгі ұйым­дардағы білім беру процесіне енгізудің тиімділігін сынақ алаңдарындағы (№82, 105, 149 №152 бөбекжай-балабақ­шала­рын­дағы) нақты тәжірибе нәти­желерімен ұштастырды. Ал инс­титуттың аға оқытушысы Л.Пет­рованың курс тыңдаушы­лары орта және жоғары буын оқушы­ларына ағылшын тілінде өткізі­летін пән­дерге қатысты ой-тұжы­рымдары мен жеке пікір­лерін айтып, өзекті мәселелерді ортаға салды.

Заман талабына сәйкес жаб­дықталған Ақпараттық ком­муникация орталығы мен Бейне және дыбыс жазу студиясының инновациялық жетістіктерімен де таныстырды. Сонымен қатар, Білім беру үдерісін психоло­гиялық-педагогикалық жетек­шілік ету кафедрасының мең­герушісі Қ.Нұр­лыбаев, Ин­формациялық техно­логия бөлі­мінің бас мамандары И.Волын­кин, С.Айтбаев «Робо­тотехника негіздері» курсында білім алу­шылардың шығарма­шылық қа­білеті мен әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін алдыңғы деңгейлі LEGO® MІNDSTORMS® EV3 оқу конструкторлары мен Arduіno контроллерін пайдаланып жүргізген тәжірибе жұмыстарын баяндады. Курс тыңдаушысы, №152 мектеп-гимназияның тех­но­логия пәні мұғалімі Б.Ах­метовпен  бірлесіп жасаған маңызды жоба – зағип жан­дарға арналған «Роба арбасы» респуб­ликалық конкурс­тың жүлдегері атанғандығын ма­мандар мақта­нышпен тілге тиек етіп, қысқаша бейнема­те­риалдар көрсетті.

Жалпы, халық қалаулылары институт қызметкерлерімен кездесу барысында Ұлт жос­парын жүзеге асыру мақсатында Үкімет пен Парламентте ат­қарылған жұмыстарға, шыға­рыл­ған заңдарға тоқталды. Мәселен, Гүлнар Мұстахим­қызы Елбасы Н.Ә.Назар­баевтың «Қазақ­станның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауынан туындаған өзекті мәселелерімен ой бөлісіп, инс­титут қызмет­керлерінің біліктілік сапасын арттыруға қатысты өзекті пікір, тиімді ұсыныстарын жазып алып, алқалы мәжілісте қарас­тыруға ұсыныс жасайтындығын айтты. Ал Свет­лана Бычкова институт қызмет­керлеріне, жалпы жиынға қатысушыларға сөйлеген сөзінде мемлекеті­міздің әрбір азаматы­ның алаяқ­тардың жы­мысқы әрекетіне алданып қала­мауы үшін заңды жақсы білуі қажеттігін түрлі мысалдар келтіре отырып баяндады.

 

П.АСЫЛБЕК,

    Қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімінің басшысы.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *