Мәжіліс депутаттары Елбасының әлеуметтік бастамаларын түсіндірді

Нұрлан СҮЙІН

 

Мегаполистегі «LCІ-MK» ЖШС темір­бетон өнімдері зауыты соңғы 5-6 жылда құрылыс саласына аса қажетті өнім шығаруды жолға қойып, «Қазақстанда жасалған» темірбетон өнімдермен елдің өндіріс саласын қамтамасыз етіп отырған кәсіпорын.

ҚР Президентінің тапсырмасымен және Парламенттің жұмыс жоспарына сәйкес аймақтарды аралауға шыққан Мәжіліс депутаттарының бір тобы Алматыда жүр. Өткен аптаның соңында ҚР Парламент  Мәжілісінің депутаттары Омархан Өксік­баев, Серік Сейдуманов, Ирина Смирно­валар «LCІ-MK» ЖШС зауытында болып,  ұжыммен кездесіп, өндіріс жұмысымен танысты.

Халық қалаулыларының жұмыс сапа­ры­­ның мақсаты – жергілікті жерлерде ҚР Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың Жол­дауларын, мемлекеттің әлеуметтік-эконо­микалық бағдарламаларды, «Прези­денттің бес әлеуметтік бастамасын» халық­қа түсін­діріп, олардың жүзеге асу барысын бақылау.

«Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының ұйымдастыруымен, Алматы қалалық мәслихатының хатшысы Қ.Қа­зан­баевтың бастауымен өндіріс орнында болған астаналық депутаттарға зауыт жұмысшыларымен кездесу ұйымдас­тырылып, өндіріс барысы таныстырылды.

Қонақтарды өндіріспен таныстырған зауыт басшысы Мұрат Раушанов «LCІ-MK» ЖШС-нің толық қуатты жұмыс істегеніне 6 жыл болғанын, зауыт өнімде­ріне сұраныстың барлық аймақтардан болып отырғанын, зауыт өз ішкі инвести­циясының есебінен іске қосылғанын айтып өтті.

– Біз өз инвестициямызға өз елімізде екі зауыт аштық. Зауыт өнімінің сұранысына орай, екінші зауыт Қызылорда облысының Қазалы ауданында ашылды. Еңбек ұжы­мын қалыптастыруда негізгі мақсат – аймақтардағы ауыл жастарын өндіріске тарту болды. Біз оларға арнап жатақхана салып, өндірістен үздіксіз тамақтанатын жағдай жасадық. Кәсіби жұмысшы маман­дықтарын өндірістен қол үзбей меңгеруді жолға қойдық. Түрлі науқан кезінде ауылға барып, отбасыларында шаруаларын бітіріп келуге де мүмкіндік жасап отырмыз. Зауыт­та 200-ден астам жұмысшы бар. Олар­дың өндірістік мүмкіндігі мен әлеуметтік жағдайын қатар жасап отырмыз десек болады, – дейді «LCІ-MK» ЖШС директоры М.Раушанов.

Расында да мегаполистің өндіріс саласының бір тегі болған зауытта жағдай Елбасы тапсырмаларына, елдің өндірістік даму бағдарламаларына сай екен. Оны ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары да өз көздерімен көрді.

 

Омархан ӨКСІКБАЕВ,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Бүгінгі таңда Тәуелсіз Қазақстан ел экономикасын қалыпты деңгейге дейін жеткізіп, ендігі жерде әлеуметтік мәселе­лерге бет бұрып отыр. Бұған дейін де Прези­денттің халыққа арнаған Жолдау­ларында айтылып, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар жасалды. Ал Елбасының соңғы жасаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» осы бағыттағы нақты, сындарлы бағдарлама-тапсырма. Біз ҚР Парламент Мәжілісі депутаттары осынау Елбасы бастамасын бұқараға түсіндіру, жергілікті жерлерде әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың жүзеге асуын көзбен көру мақсатымен аймақтарға жұмыс сапарына шықтық.

«Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиа­лының ұйымдастыруымен «LCІ-MK» ЖШС-нің жұмысымен танысып, ұжым мүшелерімен кездестік. Соңғы жылдары темірбетон өндірісін жолға қойған зауыттың өнімдері өз нарығымызды қамтамасыз етіп, өнімін «Кеден Одағы» елдеріне шығару қолға алынып отыр екен. Оған барлық мүмкін­шілік жасалған.

Ең бастысы, зауытта әлеуметтік мәселе­лер шешімін тапқан. Олар – жатақ­хана мәселесі, өндірісте тамақтану, т.б. Зауыт жұмысшыларының дені аймақ­тар­дан келген жастар екен. Оларды кәсіби маман ретінде өндіріске даярлау, білікті­лігін шыңдау да жолға қойылған. Бір сөзбен айтқанда, Алматыдағы аталмыш өндіріс орнында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы» өндірістік даму да, әлеуметтік-экономикалық бағдарла­малар да жүзеге асып жатыр.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *