МҰЗ АРЕНАСЫ АУМАҒЫНДА КӨРІКТЕНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

56Алматыда құрылысы қарқынды жүріп жатқан «Универ­сиада-2017» нысандарындағы жұмыстар аяқталуға жақындады. Соның бір жарқын көрінісі – Медеу ауданы аумағында орналасқан Мұз аренасында бүгінгі таңда көріктендіру жұмыстары басталып та кетті. Соған орай, осы нысандағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысуға оған өткен сенбі күні қала әкімі Бауыржан Байбек арнайы барды.

Осы күндері аталған Мұз аренасындағы жұмыстар көлемінің 70-80 пайызы аяқталды деуге болады. Бұл ретте ондағы жұмыстар үстіміздегі жылдың тамыз айының аяғын­да бітеді деп жоспарланған. Сол туралы баяндай келе нысан құрылысын жүргізушілер қала әкіміне Мұз арена­сында қазір ішкі жөндеу жұмыстары қолға алынып жатқа­нын атап көрсетті. Сондай-ақ, мұнда одан басқа ағаштар отырғызу, гүлдер мен көгал егу секілді көріктендіру жұмыс­тары қолға алынып жатқаны айтылды. Осы жерде айта кеткен жөн, бұл аумақ дат сәулетшісі Ян Гейлдің «Алматы – адамдарға арналған қала» жобасы бойынша мегаполисті көріктендірудің бірыңғай Тұжырымдамасына сәйкес жасалып жатыр. Соған орай шаһар басшысы Универсиада нысандары қай кезде де Алатау және Медеу ауданда­рындағы халықты тартатын орталыққа айналуы керек екендігін тағы да қайталай түсіндіріп өтті.

Атап өтетіні, негізі, бұл Мұз аренасы шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек бойынша түрлі жарыстар өткізуге және оқу-жаттығу шараларын жүргізуге арналған болатын. Сондай-ақ, бұл спорт нысанында мәдени ойын- сауық шараларын да өткізіп тұру жоспарланған. Сон­дықтан да бұл кешен 3 мың адамға арналған негізгі, мұз айдынынан, жаттығу айдындары орналасқан аумақ пен кешеннің орталық холлынан тұратын етіліп жасалған.

Сөз соңында еске салып өтетіні, Бүкіләлемдік Универ­сиада келесі жылы, яғни, 2017 жылы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтетін болады. Бұл ретте мегаполистегі сегіз спорт нысанында жарыстар 12 тәртіп бойынша өтетін болып жоспарланған. Оған әлемнің 64 елінің спортшылары қатысады деп күтілуде. Сонымен бірге оларға қызмет көрсету үшін шамамен 3 мыңдай еріктілер тартылатыны көзделіп отыр. Атап айтатыны, «Универсиада-2017» додасы үшін  салынып жатқан нысандарда отандық мазмұнның үлесі 50 пайыздан  асуы тиіс.

 

«Ақшам-ақпарат». 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *