Мұз айдында ойқастаған оғландар

Алматыда өткен «Almaty Arena Cup» балалар хоккей   турнирі  шайбалы хоккейдің дамуына үлес қосты

 

Нұрлан СҮЙІН

 

«Almaty Arena»  мұз кешенінде хоккей­ден «Almaty Arena Cup» балалар турнирі  өтіп, оған  Аста­надан, Алматыдан, Өске­меннен, Шымкенттен, Бішкек­тен, басқа да   командалар қатысты.

Елдің спорт орталығына айналған Алматы балалар хоккейі жалға қойыл­ған қалалардың және Қырғыз­стан астана­сының командаларының басын қосып, жоғарғы деңгейлі дода өткізді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда шайбалы хоккей дамып, ел командалары КХЛ-да, Халықаралық  турнирлерде ойнап жүр. Ал үлкен хоккейдің дамуы үшін балалар хоккейі қолға алынуы керек.

«Almaty Arena Cup»  турнирінде сөз алған Алматы қаласы ДШжС  басқар­масы басшысының орынбасары Рүстем Бай­сейітов қазіргі кезде қалада шай­балы хоккейден бірнеше балалар мен жасөс­пірімдер клубтарының жұмыс істейтінін айтты. Кезінде балалардың «Алматы» хоккей клубы екі рет халық­аралық жарыс­тардың жеңімпазы атанды.

– Универсиаданың арқасында бізде «Almaty Arena» және «Halyk Arena» сынды  тамаша спорт кешендері пайда болды. Заманауи мұз айдындарында қазіргі кезде 10 хоккей клубы жаттығу­да. Біз  алматылық балаларды спортқа тартуда жұмыстар жасап жатырмыз. Триатлон, мәнерлеп сырғанау, керлинг, шорт-трек, шахмат, каратэ, қазақ күресі, жүзу секциялары ашылды. Бұлардан өзге,  ағылшын тілі клубы, домбыра,  классикалық бокс, би, көркем гимнастика және басқа үйірмелер жұмыс істейді. Оқушылар мен студенттер үшін 50%-дық жеңілдік бар, – деді Рүстем Байсейітов.

Бүгінгі күні мегаполисте  «Спорт­тық Алматы» және «Спорт менің ауламда» бағдарламалары  кең қанат  жаюда, 500-ден астам спорт алаңдары абаттандырылды. «Туған жер» бағдар­ламасы аясында Алатау ауданында жеңіл атлетикалық  стадион іске қосыл­ды, жеңіл атлетикалық   манеж салынуда. Өткізіліп отырған турнир де Алматыда балалар спорты жолға қойылғанын көрсетеді.

Жоғарғы деңгейде өткен турнирде  Ас­танадан келген команда жеңімпаз атанды. Екінші орын Өскеменнің «Тор­педо» командасына бұйырды. Құрметті үшінші орынды «Алматы» командасы­ның ойыншылары жеңіп алды.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *