Мәскеу емханаларында намазханалар ашылуда

Таяу уақытта Ресей астанасындағы емханаларда мұсылмандар үшін құлшылық ететін қосымша бөлмелер саны екі есеге артатын болады. Бұл туралы «Мәскеу» жаңалықтар агенттігіне қала мүфтиі Ильдар Аляутдинов мәлімдеді.

– Бүгінгі күнде Мәскеуде 10 емдеу мекемесінде көпкон­фессиялы бөлмелер бар. Жеке­леген бөлмелер құлшылық етуге арналған. Наурыз айының соңын­да Н.Блохин атындағы онкологиялық орталықта құл­шы­лық бөлмесі ресми түрде ашылды. Ал кеше Мәскеу наркология ғылыми-практикалық орталы­ғында намазхана ашылып, оның бір бөлігі – ерлерге, бір бөлігі – әйелдерге берілді. Келесі аптада мінәжат бөлмесі Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің «Балалар денсаулығы – Ұлттық медици­налық зерттеу орталығында» ашылады. Таяу жылдары емхана­лардағы намазханалар санын көбейтуді жоспарлап отырмыз. Егер қоғамнан қажеттілік туса, біз медициналық мекеме басшы­ларымен келісе отыра намаз­ханалар санын екі есеге дейін көбейтуге дайынбыз, – дейді мүфти.

Ильдар Аляутдинов ауруха­налардағы намазхана бөлмелері емделушілердің өтініштері бойынша ашылып жатқанын атап кетті. Сондай-ақ, Мәскеу мұсылмандары діни басқармасы емдеу клиникаларында тек намазхана ашумен шектелмей, имамдардың тұрақты түрде сол жерлерде қызмет етуіне мүмкіндік жасап келеді. Дін қызметкерлері емханадағы намазханаларға бірнеше сағатқа өтініштер негізінде келіп дәріс өтеді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *