Мәскеу қаласы үкiметiнен хат алдым

Қазақтың аяулы ұлдарының бiрi, мемлекет қайраткерi Тұрар Рысқұловтың кезiнде бiраз уақыт Мәскеу қаласында тұрғаны белгiлi. Соған орай мен өткен жылдың күзiнде Мәскеу қаласы мэрiнiң атына Т.Рысқұловтың есiмiн есте сақтау үшiн бiр белгi орнатуын сұрап хат жазған едiм. 

Осыған орай мен жақында Мәскеу Үкiметi Мәдениет департаментiнiң көркем мұраны қорғау басқармасының бастығы С.А. Половинкиннiң «Саясаткер және мемлекет қайраткерi Т.Р.Рысқұловты есте қалдыру жөнiндегi Сiздiң хатыңызға байланысты Мәскеу қаласы Мәдениет департаментi хабарлайды, Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң мемлекет қайраткерi Т.Р.Рысқұловтың Мәскеу қаласындағы Покровский бульвары, 14-үй мекен-жайындағы тұрған үйiне мемориалдық тақта орнату туралы ұсынысы Айтулы оқиғалар және отандық тарих пен мәдениеттiң көрнектi қайраткерлерiн мәңгi есте сақтау жөнiндегi комиссияда оң шешiлдi» деген хатын алдым.

Әрине, Тұрар Рысқұловтың Мәскеуде тұрған үйiне ескерткiш-тақта орнатылды. Осы орайда менiң хатыма назар аударып, жауап жазған Мәскеу қаласы Үкiметiне ризашылығымды жасыра алмаймын. Елдер мен халықтар арасында осындай түзу ниет болса, екi ортадағы, қарым-қатынаста ынтымақ орнайды дегiм келедi.

Молдияр Серiкбаев,

қарт геолог.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *