Мұражайдағы шарапатты шара

Н.Тілендиев мемориалды мұра­жайында адамгершілік, мейірім, ізгілік, қамқорлық тәрізді асыл қасиеттерді жас ұрпақтың бойына дарыту мақсатында «Жүректен жүрекке» акциясы ұйымдасты­рылды. Мүмкіндігі шектеулі азамат­тарға қолдау жасау бағытындағы шарапаты мол шара оларға мате­риалдық көмек көрсетуге еріктілер мен меценаттар, мемлекеттік емес ұйымдарды тарта отырып, қоғам­ның назарын аударту мұратын көздейді.

Қазіргі таңда Алматы қаласы әкім­дігінің қолдауымен бірқатар әлеуметтік жобалар қолға алынып жатқандығы көңіл­ге қуаныш ұялатады. Мысалы, Алматы мұражайының бастамасымен 2017 жылы үлкен әлеуметтік жоба қолға алынып, жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда қаламыздағы мұражайларда жоғары деңгейде іске асырылып жатқан «Қол­жетімді музей» жобасы жұртшылықтың көңілінен шығып, қоғамда қызу қолдау табуда.

Әрбір азамат қоғамда тең құқылы өмір сүруге лайықты екендігі туралы Қазақстан Республикасының Ата заңында көрсе­тілген. Адам өмірде ең алдымен ақыл-парасатына қарай баға­лануы қажет. Кез-келген адам қандай жағдайды басынан өткерсе де, қоғамда, жалпы, кез-келген ортада өзін емін-еркін ұстап, өз-өзінен еш қым­сынбауы керек. Сондықтан да қоғам­дық орын­дарда, театрларда, мейрам­хана­ларда, ойын-сауық орын­дарында еркін сезінулеріне мүмкіндік туғызуымыз қажет.

Н.Тілендиевтің мемориалдық мұра­жайында келген қонақтарға барлық жағдай жасалған. Бүгінгі таңда аталған мұражай қаламыздағы бірқатар әлеуметтік үйлер­мен, балалар үйімен тығыз байланыста жұмыс істейді.  Мүмкіндігі шектеулі аза­маттарға қолдау көрсетіп, олардың жан жарасын жазуға тырысу – азаматтық боры­шымыз.

«Жүректен жүрекке» атты қайы­рым­дылық шарасы аясында мүмкіндігі шек­теулі жандар Н.Тілендиев мемориал­ды мұражайын аралап, арнайы концерттік бағдарламаны тамашалай алады. Оларға қамқорлық жасау мақсатында әр ай сайын өткізілетін бұл ізгі шараның аясы кеңейіп, болашақта еріктілер, меценаттар мен кәсіпкерлер тарапынан қызу қолдау табады деген үміттеміз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген дана халқымыз. Қолы­мыздан келгенше қамқорлық қанатына алып, жанымыздағыларға жәрдемдесу, игі ісіміз­бен, мейірімімізбен жүректерді жы­лыту – біздің азаматтық  парызы­мыз.

 

Роза КАЖЕНОВА, 

Н.Тілендиев мемориалды мұражайының жетекшісі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *