Мұрағатшылар волейбол ойнады

Архившілер арасында Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің кубогі үшін турнир өтті

Өтеш ӨТЕУЛІҰЛЫ

 

Салауатты өмір салтын наси­хаттау, архив мекемелері арасын­дағы серіктестік байланыс­тарды күшейту, архивші­лерді дене тәр­бие­сі және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту­ мақ­сатында Қазақстан Респуб­ликасы Прези­денті Архивінің кубогі үшін Алма­ты қаласының мемлекеттік архив қызметкерлері және архив ісінің болашақ маман­дарының қатысуы­мен волейболдан турнир өтті.

Шараның ашылу салта­натын­да ҚР Президенті Архивінің дирек­торы Б.Ә.Жапаров пен Алматы қаласы Орталық мемле­кеттік архивінің директоры А.Қ. Ботанов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс қорытындысы бойын­ша 1-орынды «Жас мұрағат­шы­лар», 2-орынды «Жігер» коман­дасы иеленсе, «Prіde» ко­ман­дасы 3-орынға тұрақтады.

Турнирдің қорытындысы бойын­ша жүлделі орындарға ие болған командаларға ҚР Пре­зиденті Архивінің кубогі, диплом­дар мен сыйлықтар табысталды. Турнирдің «Үздік ойыншысы» атағына «Жігер» командасының ойыншысы Нұрбатырова Раушан мен «Жас мұрағатшылар» коман­дасының ойыншысы Жақсылық Ерлан ие болды.

Айта кетсек, архившілер ара­сындағы Қазақстан Республи­касы Президенті Архивінің кубогі үшін волейболдан турнир осымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр.

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *