МҰНДА ІЗДЕГЕНІҢІЗДІ ТАБАСЫЗ

Жәрмеңкеге 30 тонна өнім қойылды

Шаһарда Бостандық ауданына қарасты «Қазақфильм» ықшамауданында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған азық-түлік жәрмеңкесі өтті. Онда 85 шатыр құрылып, жұртшылыққа 30 тоннадан астам өнім ұсынылды.

 Айкерім РАЙЫСҚЫЗЫ

Бұл күні мұнда келушілердің саны да аз болмады. Біреу ет іздеп келсе, тағы біреу сүт, келесі біреу көкөніс алып жүр. Өйткені, жәрмеңкеге 45 түрлі азық-түлік түрі қойылған. Бұл жерден ет алып,  ұн алу үшін базар ара­лап кетудің қажеті жоқ. Мұнда күнделікті тұтынатын тағамның барлық түрі бар. Нақтырақ айтсақ, ет өнімдері – 8 тонна, жеміс-жидек, көкөніс – 10,5 тонна, сүт өнімдері – 1 тонна, балық – 0,5 тонна, тағы да басқа әр түрлі өнімдер 10 тоннаны құрайды. Жалпы құны 8 млн. теңге.

Жәрмеңкеде баға нарықтағыдан төмен болады дейді мұнда келушілер. Қала тұрғындарының біразы, тіпті, оған әбден үйреніп алған. Әр апта сайын қаланың түкпір-түкпірінде бо­латын жәрмеңкелерді аралап, қажетін сонан ғана алатын көрінеді. Өйткені, мұнда ұсынылатын өнім көп бол­ған­дықтан таңдау мүмкіндігі де бар. Әрі тағам түрлерінің бәрі дерлік жәр­мең­кеге арналып бір күн бұрын дайын­далатындықтан  балғын. Жәр­меңке көпшілікке сонысымен де ұнайды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *