МӘМС-ТІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Нұржамал ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

 

Бүгінде Алматы қаласындағы емдеу мекемелері келер жылы ендірілетін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін халыққа жеткізу мақсатындағы ақпараттық түсіндірмелік жұмыстарын жалғастыруда. Екі-үш жылдан бері мәселесі жырға айналған МӘМС-тің жыры аяқталуға жақын қалды дегенмізбен, әлі де бұл жүйеден хабарсыз, жайбарақат жүргендер аз емес. Міне, осы жәйттарды ескерген Алатау ауданындағы №29 қалалық клиникалық ауруханада МӘМС-тің басты мәселелеріне арналған жиын болып өтті.

Жиынды ашып, жүргізген аурухананың бас дәрігері А.Садықова емхананың дәрігерлері мен мейірбикелеріне, әлеуметтік қызметкерлеріне тұрғындар арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстарды жандандыруды, емханаға тіркелген тұрғындардың мекен-жайын анықтау мен олардың әлеуметтік мәртебелерінің айқындалуына ерекше көңіл бөлу керектігін тапсырды. Бас дәрігер қызметкерлеріне емхана таңдаудағы биылғы орын алып отырған ерекшелектер мен оның артықшылықтары және кейбір келеңсіз тұстарын жан-жақты түсіндіру қажеттілігіне де тоқталды.

Дәрігерелер мен МӘМС қорының қызметкерлерінің айтуынша, әр тұрғын алдағы жылы сапалы әрі қолжетімді, медициналық қызметті пайдалану үшін өздері тұрақты тұратын мекен-жайдағы емдеу мекемелеріне отбасымен тіркелу керектігін ескертеді.

Өйткені, басқа ауданда орналасқан емханаға тіркелген тұрғындардың өзіне тиесілі кейбір дәрігерлік көмектерден шеттетіліп қалуы мүмкін дейді. Халықтың денсаулығына алаңдаулы дәрігерлер, №29 емхананың қызметкерлері мұндай түсіндірмелік жұмыстарды «Зерде» ықшамауданында орналасқан мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерінде, мектеп ұжымдары мен халық көп шоғырланатын ХҚКО-ында, сонымен қатар, аулаларда, емханаға іргелес орналасқан ықшамаудан тұрғындары арасында жүргізуді жоспарлауда.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *