МӘМС денсаулығыңызды сақтаудың басты кепілі

Келер жылдан бастап халық денсаулығын сауықтыру мен жақсарту ісі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы сақтандырылатын болады. Биылғы жылдан бастап жүзеге асырылады деген жүйе Елбасының тапсырмасымен бір жылға шегерілген болатын.

Ондағы мақсат – халықтың барлық топтарын осы жүйе туралы хабардар ету, сонымен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау болатын. Әсіресе, Міндетті әлеуметтік медици­налық сақтандыру қорына өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген топтың жарна төлеу мәселесі төңірегінде көптеген мәселелер туындаған болатын. Соңғы жылдары жүргізілген ақпараттық және түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде республикамыздың тұрғындары МӘМС-тің өз денсау­лықтарын жақсартудың ең басты кепілі болатындығына көз жеткізіп, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар үшін Бірыңғай жиынтық төлемдерді біріктіретін төлем түрі енгізіліп, осы бағыттағы түсіндірме жұмыс­тары өз жалғасын табуда. Алмалы ауданына қарасты №8 қалалық емхана ұжымы өз аумақтарында тұратын тұрғындармен МӘМС жөнінде ақпараттандыру және түсіндірме жұмыстарын жүргі­зуде. Емхананың әлеуметтік және психолог мамандары, аурудың алдын алу және пациенттерді қолдау бөлімінің қызметкерлері, жалпы тәжірибедегі дәрігерлер учаскелері өздеріне қарасты аумақ тұрғындарымен және емханаға келушілермен МӘМС туралы әңгіме өткізіп, тұрғындар тарапынан туындаған сауалдарға жауап берді. Емхана қызметкер­лері тұрғындарды БЖТ төлемдері алаңдататынын аңғарып, ол туралы толық ақпарат беріп, МӘМС туралы түсіндірмелік-ақпараттық парақшалар таратты. Бірыңғай жиынтық төлемі өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген тұрғындарға арналған төлем, яғни жарна түрі. БЖТ – азаматтардың төрт түрлі төлемін, атап айтсақ, табыс салығын әлеуметтік сақтан­дыру, бірыңғай зейнетақы жарнасын және МӘМС жарна­сын біріктіреді. БЖТ төлемдері республикалық маңызы бар қалалар мен облыс тұрғындары үшін биылғы жылы бір айлық есептік көрсеткіші көлемінде – 2525 теңге, ал елді-мекен тұрғын­дары үшін 0,5 АЕК көлемінде 1263 теңге болып белгіленіп отыр.

 

Жанар АБЫЗОВА.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *