МҮМКІНДІКТЕР МЕКЕНІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті – еліміздің жетекші ғылым ордасы. 1934  жылы негізі қаланған ҚазҰУ-дың бүгінгі беделі асқақ, еліміздің білім беру саласындағы жолы айқын, маңыздылығы жоғары. QS «World Unіversіty Rankіngs» әлемдік рейтингінде 2018 жылдың қорытын­дысы бойынша аталмыш университет әлемдік 800 үздік жоғары оқу орнының арасында 220-орынға ие болды. Бұл көрсеткіш әлемдік білім мен ғылым нарығында бәсекелестікке қабілет­тіліктің айқын дәлелі бола алады.

Биыл еліміздің алдыңғы қатарлы білім ордасы 7600-ден астам талапкерді қабыл­дап, студенттерінің саны 30 мыңды құрап отыр. Қазақ Ұлттық университеті жалпы даму бағытын халықаралық білім беру стандарты бойынша қабылдаған. Жыл сайын мыңдаған студентке сапалы білім бере отырып, білікті мамандарды даярлау үстінде. Университет бәсекеге қабілетті жоғарғы білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім кеңістігінде интеграциялауға, өндіріске енгізілетін іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға бағытталған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универ­ситеті білім алатын жастардың мекені. Адамның тұлға болып қалыптасуына ық­пал етіп, оның жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін ғылыми орда.

 

Б.ЖЕТПІСБАЕВ,

Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,  еңбек құқығы кафедрасы, з.ғ.д., профессор.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *