МҮМКІНДІККЕ ШЕКТЕУ ЖОҚ

«Halyk Arena» көпфункционалды кешенінде арбамен билеуден Қазақстан чемпионаты аяқталды. Чемпионатқа 15 облыстан келген 100-ге жуық параспортшы бақ сынасты. Ел чемпионатын тұңғыш рет аккредиттелген спорттық би  федерация­ларының  қауымдастығы  өткізді.  

 – Барлығы жоғары деңгейде өтті. Ұйым­дастыру жағы керемет болды. Өткен жері де әдемі. Біз қатысушылар үшін  бар­лық  жағдайды жасадық.  Енді 2019 жылы әлем чемпионатын күтеміз. Өтетін орны мен күні  жақын  арада  белгілі болу керек, – деді  чемпионаттың  төрешісі Алексей  Верига.

Оның айтуынша, осы қатысушылардың арасындағы ең үздіктері еліміздің намысын әлем чемпионатында қорғайды. Өз кезе­гінде бүгінгі жарыс күнінде қатысушылар әдемі ырғақ билерін  көрсетіп, фристайл мен сингл биледі. Олар  әдемі танго, вальс, самба, румба, джайвтан  өзара  мықтыны  анықтады.

– Мен биылдан бастап осы спорта жүрмін. Бірінші рет ел чемпионатына қатысып, жеңіп алдым. Маған  бәрі  өте ұнады, ұйымдастырушыларға рахмет, – деді жеңімпаздардың  бірі,  алматылық Михаил Бычковский.

Нұрлан СҮЙІН.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *