Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы жұмыс жәрмеңкесі

202Тұран» универ­си­тетінде «Нұр Отан» пар­тия­сы­ның Ал­маты қа­лалық фи­лиа­лы, қалалық Жұ­мыспен қамту және әлеу­меттік бағдарла­малар басқар­масы мен Кәсіп­керлер палатасы бірлесіп, мүмкіндігі шек­теулі аза­мат­тарға арналған бос жұмыс орындары жәр­мең­кесін өткізді. Жәр­меңкеге Алматы қаласы әкімінің орынбасары, қала әкімі жанындағы мүге­дек­тердің әлеу­меттік мә­селе­лері жөнін­дегі үй­лестіру кеңе­сінің төр­ағасы Ю.Ильин, қалалық Жұ­мыс­пен қамту және әлеуметтік бағдарла­малар басқар­масының бас­шысы Ә.Құл­маханов, қала­лық Кәсіп­керлер па­латасы дирек­торы­ның орынбасары С.Ыды­рысов, қала­лық Мүге­дектер ода­ғының төр­ағасы Ә.Аман­баевтар қатысты.

Нұржамал БАЙСАҚАЛ

Жәрмеңкеде сөз алған қала әкімінің орынбасары Ю.Ильин Елбасының биылғы Жолдауында мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік-тұрмыстық ахуа­лын жақсартумен қатар, оларға көбірек көңіл бөлу керектігін, жұмысқа орналас­тыру талап етілгенін, бүгінде Алматы қаласы әкімдігінде мүгедектер мәселесіне қатысты бірқатар іс-шаралар қарастыры­лып жатқанын тілге тиек етіп, бүгінгі өткізіліп отырған «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» сол шара­лардың бастап­қысы әрі мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін өткізілген бірінші жәрмеңке екендігін атап өтті.

203Мүмкіндігі шектеулі жандарға арнал­ған жәрмеңкенің бірінші рет өткізіліп отырғандығына қарамастан, «екі қолға бір күрек табылса» деген үмітпен келген­дер саны аз болған жоқ. Жәрмеңкеге қаламыз­дағы 30-дан астам кәсіпорындар мен өндіріс орындары атсалысып, мүм­кін­дігі шек­теулі жандар үшін 100-ден аса бос жұ­мыс орындарын ұсыныпты. Ұсы­нылған бос жұмыс орындарының қа­тарында тігінші, шаштараз, опе­ратор, программист, етікші, заңгер, бақы­лаушы сияқты қызмет түрлері бар.

Жәрмеңкеге қаламыздағы кә­сіптік-техникалық, мектеп, лицей және коллед­ждерді биыл бітіретін мүмкін­дігі шектеулі жастар да қатысып, жұмыс берушілерге өз түйіндемелерін ұсынды. Алматы қала­лық Кәсіпкерлер палатасы дирек­торы­ның орын­басары Светлана Ыдырысова бола­шақта мамандығы бар мүмкіндігі шектеулі жандардың кәсіби біліктілігін арттыру, қайта даярлау ісі қолға алына­ты­нын, ол жөнінде қазір кәсіптік-техни­калық оқу орындарымен келісім-шарт­тар жасалып жатқанын, сонымен қатар, өндіріс орын­дары жанынан да тәлім­герлер мектебін құру мәселесі ұйымдас­тырылып жатқанын айтты.

Мүмкіндігі шектеулі жандар өздеріне осындай мүмкіндік беріп, қоғамға үлесте­рін қосуға шақырған «Нұр Отан» партия­сының Алматы қалалық филиалына, қала­лық Жұмыспен қамту және әлеу­меттік бағдарламалар басқармасының қыз­меткерлеріне ризашылықтарын білдірді. Мүмкіндігі шектеулі жан­дарға жұмыс орнын ұсынған өндіріс орындары қата­рында «Мақпал» сән орталығы, «АЗТМ» ЖШС, «Абди», «Темірбетон», «Меркур­Авто», «Ай-Косс», Вагон жөндеу зауыты сияқты өндіріс орындары бар.

204– Жәрмеңкеге келгендердің жүзіне қараңыздаршы, қандай қуанышты. Көз­деріне үміт оты ұялап, өздеріне деген сенімдері арта түскен. Өз басым мүм­кіндігі шектеулі жандарды қаншама іс-шараларда көріп жүрмін, бірақ, дәл осындай белсенді, жігерлі сәттерін көп байқай бермейтінмін. Бүгін олар ерекше қуанышта. «Бізді мүгедек деп, жәрдем­ақы беріп мүсір­кеудің қажеті жоқ. Мүм­кіндігімізге, қабілетімізге қарай жұмыс беріңіздер, сонда ғана мүмкіндігі шек­теулі жандар масылдық мінезден арылып, өздерін қоғамның мү­шесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады» дегенді қанша жылдан бері айтып келдік. «Жыр­тық үйдің Құ­дайы бар» деген осы да. Жәрмеңкені ұйымдас­тырушылар бұл іс-шараның тұрақты түрде жалғасатынын айтып, қуантып жатыр. Еңбек адамды ауру-сыр­қаудан, зерігу­ден, мұқтаждықтан құтқарады. Елбасымызға рахмет, – дейді қалалық мүгедектер қоғамы­ның төрағасы Әли Аманбаев.

Ал қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарла­малар басқармасының басшысы Әмір Құл­маханов алда «Жұмыс­­пен қамту – 2020» бағдарламасы аясында мүм­кіндігі шектеулі азаматтарды жұмыс­пен қамту жұмысының тұрақты түрде жүзеге асыры­латынын, ол жө­нінде арнайы іс-шаралар жос­пары жасалып жатқанын айтты.

Алматы қаласында 35 мың мүмкін­дігі шектеулі адам есепте тұрады. І-ІІ топтағы мүгедектер саны – 21 мың 691 адамды құраса, ІІІ топтағы мүгедектер саны – 8 мың 113 адам. Есепте тұратын осы мүм­кіндігі шектеулі жандардың 50 пайызы еңбек етуге, еңбек ете отырып, өзінің әлеуметтік, эконо­микалық жағда­йын жақсартуға мүмкіндіктері бар азаматтар. 2014 жылдың басынан бері 158 мүмкіндігі шектеулі азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілсе, 41 адам қоғамдық жұмысқа орналасты­рыл­ған. Ал 121 адам  арнайы курс­тарда білім алып, 32 адам кәсібі бойынша жұмысқа орналастыры­лыпты.

«Сабақты ине сәтімен» деген осы да. Енді өндіріс орындарынан, мекемелерден, әкімшіліктер мен заң орындарынан, тігін цехтарынан, тағам өндірісі, халыққа қызмет көрсететін мекемелерден, шаш­тараз, сән салон­дарынан сізге қызмет ететін мүм­кіндігі шектеулі жандарды жиі көретін боламыз. Қоғамнан тасалау өмір кешіп келген жандардың еңбек еңсесін көтерсін. Әзірге беталыс жаман емес секілді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *