Мүгедек жандар гүл отырғызды

 

Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқарма­сына қарасты Алмалы аудандық «Мүге­дектерді бейімдеу және оңалту орталы­ғының» мамандары «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдау мақсатында, өздерінің қамқорлығындағы мүмкіндігі шектеулі жандарды табиғат аясына алып шығып, еліміздің тарихи жерлерімен таныстырды.

Қала орталығындағы көрікті көше­лерге аты берілген Абылай хан, Қа­расай батыр, Наурызбай батыр, Қабанбай батыр, Жамбыл, А.Яссауи сынды тұлға­лардың өмір жолы, тарихта қалған іздері туралы әңгімеледік.

Туған жерді тану сапарымызды Алматы іргесіндегі Сарыбай би, Қайназар, Сүйінбай, Жамбыл, Түктібай сынды ардақты аталарымыз жерленген Бес ата қорымынан бастадық.

Белгілі тарихи тұлғалардың әрқайсы­сының өмірімен жеке-жеке таныстық. Сәулет өнерінің соңғы үлгілерімен тұрғы­зылған мазарлардың басына аялдап, дұға еттік.

Сарыбай ХІХ ғасырда ғұмыр кешкен, елін ынтымақ-бірлікке ұйыта білген абыз би болған кісі екен. Мазарының маңайын­да бой көтерген мәуелі ағаштар, әдемі гүлдер көз тартады. Түктібай ата мавзо­лейінің де алды тамаша. Оның маңында ұрпақтары өмір сүріп жатқанын білдік. Ұрпақ­тары­ның қолында бүгінгі таңда аталарының  халықты емдеген, дем берген қобызы сақталған екен. Сүйінбай мен Жамбыл аталар рухына да тағзым еттік.

Қайназар – Сарыбай бидің даулы мәселелерді шешуде әділ де оң қолы болған адам. Оның мазарын ұрпақтары 2003 жылы тұрғызған екен. Алмалы аудандық «Мүгедектерді бейімдеу және оңалту орталығының» өкілдері осы мазардың айналасын көркейту мақса­тында Алматыдан арнайы алып келген құнарлы топырақтарын сеуіп, түрлі гүл отырғызып, игілікті іс атқарды. Жасыл желектерді мүмкіндігі шектеулі жан­дардың өздері суарды.

Қазақ жері де, құшағы да кең. Біз туған жердің тыныс-тіршілігімен танысу арқылы, табиғат аясында да жақсы дем­алып қайттық.

Бұл сапарымызды алда тағы да жалғастыратынымыз сөзсіз.

 

Галина КОРЖИНСКАЯ,

Алмалы аудандық «Мүгедектерді бейімдеу және оңалту орталығының» директоры.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *