МҮГЕДЕК ДЕП МҮСІРКЕМЕ

Жұмыс берушілерге мүгедектерді жұмысқа орналастыру бойынша квотасын сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

2019 жылғы қаңтардың 22-і мен 25-і аралығында Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығы «Нұр Отан» партиясының аудандық бөлімшелерімен бірлесіп, еңбек ұжым­дарында мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастырудың 2-4 пайыздық кво­тасын сақтау, олардың негізсіз босатылу факті­лерін болдырмау, еңбек құқықтарын сақтау­мен әлеуметтік ортаға тартудың маңызды­лығын түсіндіру мақсатында кездесулер өткізуде. Сонымен бірге, Халықты жұмыспен қамту орта­лығының қызметкерлері «Еңбек» Нәти­желі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіп­керлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арнал­ған бағдарламасын түсіндіріп, қатысу шарты­мен бағдарламаның бағыттарымен таныстырды. Қызметкердің жұмыстан босатыл­ған кездегі тиісті әлеуметтік кепілдер бойынша да кеңестер берді. Сондай-ақ, ұжым мүшелерін толған­дырып жүрген сауалдарға жауап берді. Алма­ты пайдалану локомотив депосы, Темірбетон бұйымдары және көпір құрылысы зауыты, «LCІ-MK» ЖШС, Алматы онколо­гия­лық орталығы, №29, №22 қалалық емханалар, № 154, 160 жалпы білім беретін мектептерде өткен  осы кездесулерде «Нұр Отан» партиялық ұйымдарының  қызметі туралы есеп тыңдалды және 2030 жылға дейінгі жаңа партия бағдар­ламасы жобасының негізгі ережелері талқы­ланды. Кездесу барысында қатысушылар 2030 жылға дейінгі жаңа партия бағдарламасы жобасының негізгі ережелерін талқылап, құжат­тың мазмұны бойынша өз пікірлерін білдірді. Жұмыскерлерге Қазақстан Респуб­ликасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолда­уының негізгі кезеңдері түсіндірілді.

Кездесуде «Нұр Отан» партиясының Түрк­сіб аудандық бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары Нұрланбек Әжібаев, Алматы қаласы Халықты жұмыспен қамту орталы­ғының жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің мамандары Әнел Азнағұлова, Әділет Жаңа­баев, Индира Қанапьяева сөз алып, Елбасы Жолдауларының маңызын, «Еңбек» бағдар­ламасы түсіндірді. Кездесу қорытын­дысы бойынша, Халықты жұмыспен қамту орталы­ғының жұмысын белсендіру мен Бағдарлама мен Елбасының Жолдауын іске асыру бойынша халық арасында түсіндіру жұмыста­рын кеңінен жүргізу қабылданды.

 

Нұржан АУТАЛИФ,

Жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің басшысы.                      

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close