Ата-аналарын «Алматы ақшамына» жаздырып қуантсын

dsc_68555511

Мәдениет КӘРКЕНОВ, Наурызбай ауданы ақсақалдар кеңесінің төрағасы:

Ата-аналарын «Алматы ақшамына» жаздырып қуантсын

«Алматы ақшамы» газетін Наурызбай ауданы құрылғалы   бері алып оқи бастадық.  Аудан құрыл­ған алғашқы жылы газеттің бас редакторы, қалалық мәслихат депутаты Қали Сәрсенбай  ақсақалдармен кездесіп, «биыл аудан жаңадан құрылып жатқан­дықтан, сіздерге көрсеткен рухани қолдауымыз болсын» деп ақсақалдар алқасының мүшелерін бір жылға тегін жаздыртып берген болатын. Содан бері бұл басылым тек біздің ғана емес, ауданымыздың да рухани демеушісі болып келеді. Қазір  пошташы қыздарымыз  газет тасы­малдауды жарты күнге кешіктірсе, алыстағы ағайын­дарымыз кешігіп жатқандай, алаңдап отыратын болдық. Қазақта  «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген мақал бар ғой, сол мақалдың мақамымен айтсақ,  «Алматы ақшамы» қазіргі кезде шын мәніндегі мың жасаған шаһарымыздың шамшырағына айналып отыр. Басылым тек қаланың жаңалықтарымен ғана шектелмей, елдік мәселелерді де өткір көтеріп, қаламыздың мәдени, рухани өмірінен де толық хабардар етіп отырады. Жаңа құрылған ауданы­мызға арнайы тілші бөлініп,  ауданның тіршілігінен қала жұртын хабардар етіп отырады. Газет басшылығының осы қолдауына ризашылығымыз ретінде Наурызбай аудандық ақсақалдар алқасының 34 бастауыш ұйымдарының ұйымдастыруымен зейнетақымыздан 100 «Алматы ақшамы» газетін жаздырып алуға уәде бердік.  Барлық аудандардағы ақсақалдар алқасын «Алматы» ақшамы» газетіне жазылуға шақырамыз. Құдайға шүкір, зейнетақы­мызды ай сайын алып отырмыз,  ұл-қыздарымыз бар дегендей, олар ата-аналарына сыйлық жасап, 4340,40 теңгеге ата-аналарын «Ал­маты ақшамына» жаздырып қуантсын. Туған күндеріне, той-тома­лағына әкелетін сыйлықтары­ның орнына  «Алматы ақшамын» жаздырып берсе,  ата-аналары қуана қолдайды. Есесіне,  бір жыл бойына «Ақшамды» оқып, рухани  байып қаламыз. Мен бұл басылымды мектеп мұғалімдерінің, мемлекеттік қызметкер­лердің, әкімдік қызметкер­лерінің  жаздырып алғанын қалар едім. «Ақшамға» бір бауыр басып алсаңыз, одан қол үзгіңіз келмесі анық.  Алматыны шын жақсы көретін қала тұрғын­дарын  «Ақшам­» оқырмандарының қатарында болуға шақы­рамыз.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *