Мұғалімге гүл сыйлау деген ешкімнің басына келмейді

Жаңа оқу жылы да басталды. Каникулы біткен балалар да мектепке, мұғалімімен кездесуге асығады. Мұғалім мамандығы қай кезде де сұранысқа ие. Әлемде өз азаматтарының білімді, сауатты болуы үшін алаңдамайтын мемлекет жоқ шығар. Сонымен қатар, әлемдік білім жүйесінде, әсіресе, мұғалім өмірінде де өз ерекшеліктері болады. Ендігі жерде шет елдегі мұғалімдердің жұмыс тәртібі мен жалақысы жөнінде айтып көрейік.

Германияда мектеп мұғалі­мінің  жалақысы 3,5 мың еуро. Жастар жағы көбіне осы кәсіпті игеруге ынталы, өйткені оның болашағы зор. Оның ішінде мемлекеттік білім мекемелерінде жұмыс істеу тиімді. Мұнда зейнет демалысына дейін рахат күй кешесің. Сонымен қатар, мұғалім кәсібін игергендердің төменгі салық төлеу, медициналық кепіл­деме, т.б. әлеуметтік көмек тұрғы­сынан да бағы жанып тұр. Мұға­лім кем дегенде екі пәннен сабақ береді, аптасына 24 сағат алады. Бұдан артық сағат беріл­мейді, ақшасы жеткілікті. Сон­дай-ақ, мұғалімдердің басқа кәсіп иелері­нен, мәселен дәрі­герден артық­шылығы – бос уақыты көп. Дем­алыс күндері, саяхатқа шығуы да жиі. Мектепте жемқорлық деген атымен жоқ. Мұғалімге гүл әкелу деген де ешкімнің басына кел­мейді. Оқушыға үйіп үй тапсыр­масы берілмейді, қосымша ештеңе жүктелмейді. Тоғызыншы сынып­қа дейінгі оқушылардың сабақтан соң үй тапсырмасын орын­дауға мүмкіндігі бар. Мек­тепте сағат беске дейін оқушылар үй тап­сырмасын орындауға жауапты емес. Бұл олардың бос уақытын жегендік болып есеп­теледі.

 

Мұнда да қағазбастылық бар

Ұлыбритания мұғалім­дерінің жалақысы айына 2-2500 фунт-стерлинг үстінде. Ал мұғалім басқару жұмысымен, балаларды ерекше даму үлгі­сімен оқытса, Англияның басқа өңірінен гөрі өмір сүру деңгейі жоғары Лон­донда тұрса үстеме ақы төленеді.

Бұл елде мұғалімге барын­ша еркіндік берілген. Білім министр­лігі оқу жоспарын дайындап береді, ал оны қалай жүзеге асыру, қандай оқу­лықтар пайда­лану керектігін педагог өзі дербес шешеді. Есесіне мұғалімге жылы­на шамамен 1256 сағат жүктеледі.

Дейтұрғанмен де, қағазбас­тылық мұнда да бар. Мұғалімдер бір күндік оқу жоспарын жасауға міндетті. Сондай-ақ, оқушыға қойылған баға жөнінде мектеп директорына және ата-аналарға есеп береді. Тіпті, 1997 жылы осы қағазбастылыққа орай ағылшын мұғалімдері арнайы бүлік шығар­ған еді. Бірақ одан еш нәтиже шықпады. Есесіне тұманды Альбион оқушылары ата-аналар жиналысын өткізуден босатыл­ған. Оның орнына ата-аналармен өздері қалаған уақытта олардың өтінішіне қарай 10–15 минут әңгіме жүргізеді.

 

Алты жылдан соң бір жыл еңбек демалысы беріледі

Израильде мұғалімдер жалақысы еуропалықтарға қарағанда 40 пайыз төмен. Еңбек өтіліне қарай, білім деңгейін көтергенде жалақысы өседі. Мұнда да мұғалімге аптасына 24 сағат жүктеледі. Ал жас мұғалімдерге жалақысын көбейту үшін 40 сағатқа дейін алуға мүмкіндігі бар. Дейтұрғанмен де, израильдік мұғалімдердің өзгелерден артықшылығы – оларға алты жылдан соң бір жыл еңбек демалысы беріледі. Мұғалімдердің жұмысын қадағалау деген нәрсе атымен жоқ. Күн сайынғы жоспар жасалмайды. Әр мұғалімнің білім-білігі, қабілеті жыл соңында арнаулы министрліктің тыңдау жүйесі арқылы анықталады.

Израильде мектеп мұ­ғалімінің беделді болуы аса міндетті емес. Коммер­циялық емес бір ұйымның зерттеуінде көрсетілге­ніндей, дамыған мемле­кеттер ішінде Израиль мұғалімдері көп құрметке бөлене бермейді. Оқушы­лар сабақ үстінде ұйықтап, мұға­лімді мазақтап, айна­ласына қоқыс шашып оты­ра беруі де әбден мүмкін. Есесіне оқу­шының ата-анасы мектепке келіп, мұғалімнің көзіне бар шындықты айтып, сілікпе­сін шығарып та кете ала­ды. Бұл қоғамда қалыпты жағдай ретінде қабыл­данады.

Мұндағы білім жүйе­сіндегі бір ерекшелік – мұ­ғалімнің мектепте көмек­шісі болуы да мүмкін. Бұл міндетті әдетте діни отбасынан шыққан қыз балалар атқарады.

Финляндияда мектеп мұға­лімі 2,5 мыңнан 5 мың еуроға дейін жалақы алады. Әрине, мұндай ақша алу үшін мектеп мұғалімінің педагогика магистрі деген дәрежесі болуы қажет. Жалақы мұғалімнің қызметіне (ла­уазымына) қарай төленеді. Оның жұмыс нәтижесі, тәжірибесі, білім деңгейі ерекше ескеріледі. Осыған орай қосым­ша төленеді. Сонымен қатар, фин мектептерінің мұғалімдері бір жылға, яғни 196 күнге еңбек шартына отырады. Шарт біт­кеннен соң қайтадан байқау арқылы алынады. Бір орынға 12 адамға дейін келуі мүмкін. Зейнет демалысына, 60 жасқа жеткеннен кейін орнын мұғалімдер жастарға босатады. Мұнда «үлгілі ұстаз, сүйкімді мұғалім» деген бол­майды, мұғалім қызмет көрсету саласының маманы болып есеп­теледі. Егер мектеп мұғалімінің бір оқушыға өзгеше қызмет көрсеткені байқалса, басшы­лық оны тез арада қыз­метінен босатады.

Мектептегі жұмыс мер­зімі негізінен таңғы 8-ден 15.00-ге дейін жалғасады. Мұғалімге аптасына орташа есеппен 32 сағат жүктеледі. Қалған уақытында бала­ларға кеңес береді, олардың шығармашылық жобаларын тал­қылаумен айналысады. Мұғалім­нің көп уақыты өзінің кәсіби деңгейін шыңдауға жұмсалады.

Фин мектептерінде ар­найы педагог лауазымы бар. Ол әр оқушының неге қа­білетті екенімен айналысып, мектеп бітірген соң қандай мамандық, қандай оқу орнын таңдауына көмекте­седі.

Ал АҚШ-та мектеп мұға­лімінің жалақысы – 4,5 мың доллар, демек поли­цейлермен бірдей алады. Мұғалімдерге қосымша ақы төлеу деген болмайды. Өйткені, бұл ынталандыру олардың жұмыс, білім сапасына әсер ете қой­майды деп есептейді.

АҚШ – құқықтық қыз­мет айрықша дамыған ел. Сон­дықтан мұндағы мұ­ғалімдер кәсіподағы оның басты қорғаушысы, қор­ғаны болып табылады. Мұнда мұғалімнің өмірі әлеуметтік тұрғыда 1 мил­лион доллармен сақтан­дырылған. Ал мұғалім­дердің сотқа баруы да үй­реншікті жағдайға айнал­ған. Егер оқушылар, әсіре­се, афро­амери­кандық мек­теп оқушылары өз мұға­лімін ұнатпай қалған жағ­дайда оны тұзаққа түсіру үшін түрлі жағдайларға барып, кемшіліктерін табу­мен де табандап айна­лы­сатын жайға дейін барады.

Кәсіподақ зейнетақы қоры­на табысының бір бөлігін түсірумен, меди­циналық сақтан­дыру­мен айналысады. Медици­налық сақтандыру оның денсау­лық шығындарының 70 пайы­зын жауып оты­рады.

Американ мұғалім­де­рінің міндеті оқушының үй тапсыр­масын тексеру ғана емес, сабақ­қа дайын­дау, ата-аналармен сайт, элект­ронды пошта арқылы қа­ты­нас жасау болып табы­лады. Сол себепті, мұға­лімдердің апталық жүкте­месі 40 сағатқа дейін жетеді.

Бұл елде мұғалім болу үшін университет бітіру жеткіліксіз, сабақ беру үшін арнайы лицензиясы болуы міндеттеледі. Егер мұғалім басқа штатқа қызметке ауыстырылса, лицен­зиясын қайта рә­сімдеуге тура келеді.

 

Шөп тартып шер тарқатады

Мұғалімнің жұмысы Жапонияда аса жоғары бағаланады. Сондықтан мұнда бұл кәсіптің иесі болу оңай емес. Сол себепті де жапон мұғаліміне кәсіби біліммен қатар оған лицензия алу үшін оның оқытушылық қызметке бейімділігі арнайы емтихан арқылы тексеріледі. Осыдан соң барып мұғалім мектепке емес, префректураға құжат­тарын тапсырып, сонда тіркеледі. Мектептердегі байқауда бір орынға 20–30 адамнан келеді. Жалақысы да қанағаттанарлық – 2-2,5 мың доллар. Мұғалімдерге үстемақы жақсы төленеді. Әсіресе, отбасы бар екені ескеріледі. Мектеп үлгерімі жоғары болса, жылдық жалақысының жартысына жуық сыйақы беріледі.

 Жалақы төлеу жергілікті жердің жағдайына да байланысты. Егер мұғалім әлеуметтік деңгейі жоғары ауданда тұрса, жоғары қосымша үстемақы төленеді. Жеке басында пәтері болмаса, оған ай сайын жалақысына қосымша жалдап алған үйіне 10 пайыз бөлініп отырады.

Жапондар еңбекқор халық қой. Сондықтан әлем бойынша мұндағы мұғалімдерге үстеме жұмыс ауқымы да кең. Аптасына 54 сағат жүктеледі.

Испаниядағы жағдайдың да жоғарыдағы елдерден көп артықшылығы жоқ. Дейтұрғанмен де, бұл елде марихуа­наны пайдалану ешкімге таңсық емес. Тіпті, мектеп ауласында мұғалімдердің бұрқыратып шөп тартуы да шер тарқатып, шаршағанын басу ретінде қабылданады. Жалпы айтқанда, бұл өсімдіктің бір бұтағын үйден кездестіруі де ешкімге жаңалық емес.

Испанияда халықаралық мектептер зор беделге ие. Мұндай мектепте қызмет істеу үлкен абырой. Онда оқушылар мұғаліммен салғыласа алмайды. Бұл жерде өзара түсіністік үстемдік етеді. Мұнда басқа мектептердегі сияқ­ты емес, балаға саусағыңның ұшын да тигізе алмайсың. Ондай жағдай болса, еш сөзге келместен жұмыстан қуады, тіпті еш жер жұмысқа алмайтын кепілдемені де қоса береді.

  Қ. ИМАН.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *