МҰҚАҒАЛИ МҰРАСЫ – ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ

Алматы қаласы Жетісу  ау­дан­дық Білім бөлімінің  жұмыс жоспарына сай №57 жалпы  білім беретін мекте­бінде  Мұқа­ғали Мақатаевқа арналған  «Поэ­зия, менімен егіз бе  едің?» атты  әдеби-сазды  кеш ұйымдастырылды.

Әдеби кешті ұйымдастырудағы басты мақсат – мектеп   оқушы­ларына  ақиық ақын Мұқағали Мақа­таевтың өмірі мен шығармашылығын  насихаттау,  ғасыр ақыны Мұқағали Мақатаевтың өрісті ой, өшпес көркем мұрасын, жырларын насихаттау, ақын өлеңдерінің мәңгілік жыр қазына екенін ұғындыру, жас оқырмандарға ұлттық, адамгершілік тәрбие беру, мәнерлеп оқу шеберлігін  шыңдау.

Қазақ поэзиясының алыбы, өмірі өлең, өлеңі өмірге арналған Мұқағали Мақатаевқа арналған кеш ерекше сезім мен сырға толы болды. Ақын өлеңдерін насихаттау, жастар бойын­да патриоттық сезімді тәрбиелеу мақ­сатында өткізілген кеш мектеп оқушыларының қатысуымен  өткізіл­ді.

Мерекелік  іс-шараны  қазақ  тілі  мен әдебиеті  пәні әдістемелік  бірлестігінің  жетекшісі  Б.Калығұлова және  қазақ тілі мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі   В.Касенова   ұйымдастыр­ды. Әдеби кешке  №57 жалпы  білім  беретін мектебінің  міндетін атқарушы Г.Тәуекелова  және  әдістемелік  бір­лестік  мұғалімдері, оқушылар қатыс­ты.  Кеш барысында  шығарма­шыл оқушылар қауымы Мұқағали Мақатаевтың сарқылмайтын шабыт пен сағынышқа толы жырларын тебірене оқыса, үлкен экраннан ақын туралы деректер мен Мұқағалидың өз дауысымен айтылған өлеңдер тыңдалды. Әдеби кітап көрмесі, ақын шығармасы мен өмірбаянынан сыр шертетін таныстырылым қатысушы­лар назарына ұсынылды. Сонымен қатар, заманауи жаңаша бағытта караоке ұйымдастырылып, ақынның әндерін көтеріңкі көңіл-күймен орындады.

Ұйымдастырушы  ұстаздар ақын өмірі мен шығармашылығы туралы тебірене сөз сөйлеп, ақын шығарма­шылығын  жан-жақты дәріптеу қа­жеттігін айтып, әдемі әңгіме өрбітсе,  мектеп  басшысы  ақын жырларын жатқа оқыған жастарға өз алғысын білдіріп, мақтау қағаздарын  табыс­тады.

Жыл сайын  Жетісу аудандық  Білім  бөлімінің  ұйымдастыруымен ауданымызда дәстүрлі  «Мұқағали оқу­лары» өткізіледі. Аталған  бай­қауға  аудандық  Білім  бөлімінің  бас­шысы  Салтанат Құсайынова  тіке­лей   қатысып,  талантты  да  дарын­ды  шәкірттеріміздің  өнерін  баға­лауда  ерекше  көзге  түскен  оқу­шыларымызға   қалалық «Мұқағали  оқуларына» жолдама  береді.

Биылғы  қалалық  «Мұқағали  оқу­лары» 2019 жылдың  23-ақпа­нында  №140 гимназияда  өткізіледі. Аталған  байқауға  Жетісу ауданынан қатысатын, Мұқағали  өнерін  құрмет  тұтатын және  насихаттайтын  шығар­машыл  шәкірттерімізге  жыр  дода­сында  жеңіс  тұғырынан  көріне  бері­ңіздер деген  лебізімізді  білдіргіміз келеді.

 

Венера  КАСЕНОВА,

№57 жалпы  білім  беретін мектептің қазақ тілі  мен әдебиеті  пәнінің  мұғалімі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *