«Ұлы даланың жеті қыры»

Наурызбай  ауданы Ардагерлер  кеңесінің  кезекті отырысында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бойынша шағын аудан кеңесшілерінің қатысуымен  келелі жиын өткізілді.

Жиналғандар алдында ауданның Ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Каркенов «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы басты бағыттарға тоқталып, «Ұлы даланың жеті қырын» тарихи деректермен, аудан өмірімен байланыстыра отырып баяндап берді.

Бұл мақаланың  Президентіміз Н.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегінің жалғасы екендігін, ел тарихын жеті қырынан танып білу, мәңгілік ел ұрпақтарының басты мұраты екендігін атап өтті.

Жиында сөз алған Ардагерлер кеңесінің бастауыш ұйымының  жетекшілері мен ұйым мүшелері Елбасы  мақаласының құндылығын өз сөздеріне арқау етті.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Каркенов Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» атты бұл  мақаласын аудан тұрғындары арасында кеңінен талқылап, іс-шаралар  ұйымдастыру керектігін айтып, Наурызбай ауданы Ардагерлер кеңесі  «Мен ұлы дала перзентімін» атты іс-шаралар жоспарын бекітті. Осы іс-шаралар бойынша  аудан аймағында жүзеге асырылатын міндеттер белгіленді.

 

Роза АЙМАНБЕТОВА,

«Премьера» ТК  Ардагерлер ұйымы төрағасының  орынбасары.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *