Ұлы даланың дүбірлі додасы

Алматыда ұлттық спорт түрлерінен «Ұлы дала ойындары» республикалық фестивалі өтеді

Мамырдың 7-сі күні қалалық ипподромда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында жыл сайын өтетін «Ұлы дала ойындары» ұлттық спорт түрлерінің республикалық фестивалі өтеді.

Бұл фестивальде шабандоздар ат жарыстарынан сынға түсіп, көкпар тартады. Сондай-ақ, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, қазақ күресі сынды ұлттық спорт түрлерінен де өнер көрсетеді.

Негізгі ойындармен қатар, фестиваль қонақтары қолөнер бұйымдары көрмесін тамашалап, саятшылардың  құстарымен, аңшылыққа шығатын тазы иттермен таныс бола алады. Ал олар үшін сахнада бишілер би билеп, эстрадамыздың  жұлдыздары ән шырқайды.

Сонымен қатар, кез-келген келуші қонақтар тоғыз­құмалақ, асық ату ойнап, қошқар көтеру мен бағанаға шығу­дан сайысқа түссе болады. Жеңімпаздар үшін  бағалы сыйлықтар қарастырылған.

Айта кетер жәйт, «Ұлы дала ойындары» республи­калық фестивалі «Спорттық Алматы» жобасы аясында Ұлттық ат спорты федерациясының көмегімен үшінші жыл ұйымдас­тырылады. Жарысқа Қазақстанның әр өңірінен келген шабандоздар қатысады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль, кубок және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Жарыстар 10.30-да  басталады.

Фестивальдің ашылу салтанаты 13.30-да.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *