ҰЛЫ ДАЛА ЖАСТАРЫНЫҢ ЖЕТІ СЫЙЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының ел дамуы жолында басшылыққа алған «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген негізгі міндеттерді ары қарай жүзеге асыру жолға қойылған болатын.

Аталмыш мақала «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Елбасымыздың Қазақстан халқына арналған жазбаша Үндеуінің заңды жалғасы. Қазақ халқы ешқашан тарихты қолдан жасаған емес. Сонау сақ пен ғұннан бастау алатын, тамыры терең тарихымыз арқылы, біз өткеніміз бен бүгінімізді бағамдай алмақпыз. Ұшқан құстың қанаты, жүгірген аңның тұяғы талатын ұлан ғайыр, кең байтақ жерімізді ғасырлар бойы  қорғап, бүгінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырғанын жас ұрпақ еш уақытта есінен шығармауы керек. Әлемдік аренада ойып тұрып орын алған біздің  мемлекетіміздің ендігі уақытта басты назар аударуы керек мәселесі ол – тарих қойнауында жатқан қазақы құндылықтарымызды қайта жаңғырту. Ата-бабалары­мыздың ежелгі кәсібінен бастап, салт-дәстүріміз бен ұлттық мәдение­тіміз, жылқы өсіріп, қой баққаны­мызға дейін, керек десеңіз байтақ даламыздың баурайында өсетін қызғалдақ пен алма бәрі-бәрі дәріптелуі тиіс. Күллі түркі әлемі көз тігіп,бір көріп кету арманына айналған, екінші Меккеге балайтын киелі Түркістан өлкесінің өзі біздің баға жетпес рухани қазынамыз.

Осындай ұлттық құндылық­тарымызды ұлықтау мақсатында, жоғарыдағы мақаланы негізге ала отырып, түрлі тиімді жобаларды жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп, ауқымды шаралардың ел көлемінде ұйымдастырылып жатқаны белгілі. Аталған мақаланың негізгі идеясы ата-бабаларымыздың бізге қалдырған құнды мұрасын өз ішімізде ғана емес, әлемдік деңгейде дәріптеу және төл тарихымызды төрт құрлыққа таныту үшін жұмыла жұмыс жасау керек екендігін нұсқайды.  Еліміздің жас­тары тамыры терең тарихы мен мәдениетін мақтан етіп, ұлттық рухын жоғары қойып, оны қашан да қастерлеп жүруі үшін оларға бұл мақаланың маңыздылығын түсіндіру керек. Ал аталған ұлттық идеяны насихаттап қана қоймай, сол арқылы жас ұрпақты білім мен ғылымға, шығарма­шылыққа бейімдеу жұмыс­тарын жүргізу біздің негізгі мақсат­тары­мыздың бірі болмақ. Осындай маңыз­ды құндылықтарды басшылыққа ала отырып «MANGlLІK EL JAS­TARY» қоғамдық қоры 1 ақпан және 20 наурыз аралығында «ҰЛЫ ДАЛА ЖАСТАРЫНЫҢ ЖЕТІ СЫЙЫ» атты мектеп оқушылары арасында І Рес­публикалық онлайн байқау өткізген болатын. Байқауға қатысушылар төмендегідей аталымдар бойынша бақ сынады.

  1. «БАБАМНЫҢ АМАНАТЫ» тақырыбында проза жазу;
  2. «АЛТЫН АДАМ» тақырыбында сурет салу;
  3. «АҢ СТИЛІ» тақырыбында қолөнер жұмысы;
  4. «…ЕР ТҮРІКТІҢ БЕСІГІ» атты жас ақындардың өлең жазуы;
  5. «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМ­ДЕРІ» идеясының негізінде қысқа метражды қазақ анимациялық мультфильміне сценарий жазу;
  6. «ҰЛЫ ДАЛА СӘУЛЕТІ МЕН СӘНІ» идеясының негізінде қазақ даласында бой көтеруі тиіс ғимараттың архитектуралық сызбасын жасау;
  7. «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖАС ФОТО­ТІЛШІСІ» идеясының негі­зінде өзінің туған жеріндегі ерекше құндылығы бар тарихи орынды фотосуретке түсіріп жіберу.

Байқау барысында еліміздің әр өңірінде жүрген, нағыз шынайы ұлтжанды азаматтардың жұмыстары бағаланды. Олардың бала жүрек­терінен шыққан таза тілектері мен армандарында шек жоқ. «Елдің бүгі­нін білгің келсе – қартына қара, ер­теңін білгің келсе – жасына қара», – деген даналықты тура тауып айтқандай.Әрине, олардың осындай ұлтым дейтін азамат пен азаматшаға айналуына себепкер болған ұстаз­дарының да еңбегін айтпай кету әбестік болар. Алдағы уақытта осы байқаудың жеті аталымы бойынша жинақталған үздік жұмыстардың басын біріктіріп, жинақ шығаруды жоспарлап отырмыз. Елдің ертеңі жас ұрпақтың қолында екенін ұмытпайық және сол үшін аянбай тер төгейік!

Абылай САЙЛАУХАН,

«MANGlLІK EL JASTARY» қоғамдық қорының төрағасы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *