ҰЛТТЫҚ ВИКТОРИНА БАСТАЛДЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Қазақстанның жоғары оқу орындарының арасында Сайлау құқығы мен сайлау процесі мәселелері бойынша ұлттық викторина басталды. Жастар жылы аясында ҚР Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Қазақстандағы жоғары оқу орындары арасында Сайлау құқығы мен процесіне байланысты ұлттық жобаның бірінші кезеңі бастау алды.

Рая ЕСКЕНДІР

Орталық сайлау комиссиясының электрондық оқыту-ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Махаббат Қалдыбекқызы былай деді:

– Еліміздегі Орталық сайлау комис­сиясы өзінің 25 жылдық тарихында мұндай викторинаны алғаш рет ұйымдастырып отыр.

Бұл викторинаға қазақстандық сту­дент­терден басқа Әзербайжан, Армения, Қыр­ғызстан, Молдова және Ресей сту­денттері де қатысуда. Сонымен қатар, аталмыш іс-шараны ұйымдастыруға ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Кеңесі және Демократияны дамыту мониторин­гінің халықаралық институты да атсалысып отыр.

Ұлттық викторинаға бір мезгілде Қазақ Ұлттық университетінің интерактивті алаңында еліміздің 29 жоғары оқу орнынан 190 студент қатысып отыр. Сондай-ақ, осы викторинадан жеңімпаз болған студент биылғы 15-қыркүйекте Ресейдің Санкт-Пе­тербург қаласында Халықаралық демо­кра­тия күніне орай ұйымдастырылатын сту­денттердің ғылыми пікірталасына қатыса­тын болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *