ҰЛТТЫҚ ӘУЕТАСЫМАЛДАУШЫНЫҢ ЖАҢА ЖЕҢІСІ

«Эйр Астана» – Бүкіләлемдік World Travel Caterіng & Onboard Servіces EXPO (WTCE) 2019 көрмесінің жеңімпазы атанды

Нұрлан СҮЙІН

Германияның Гамбург  қаласында  1–4 cәуір аралығында өткен «Борт­тағы тағам мен қызметтердің» дүние­жүзілік көрмесінде «Эйр Астана» бірқатар мәртебелі марапаттарға ие болды. Қазақстандық әуетасымал­даушы интерьер, өнім және борттағы тамақтану салалары бойынша Ха­лық­аралық үш басылымның жоғарғы марапаттарын алды. Эйр Астана Travel­Plus-тің Еуропа – Африка аймағында бизнес кластағы жол жиынтығы бойынша алтын медалін жеңіп алса, эконом кластағы жол жиынтығы мен балаларға арналған жол жиынтығы бойынша көрермен көзайымы марапатын иеленді.

«Onboardhospіtalіty» журналы Эйр Астанаға «Балалар жол жиынтығы» үшін ең жоғарғы марапат тапсырды.  Ал PAX Іnternatіonal журналы қазақ­стандық әуе компаниясына ТМД елдері арасында «Тасымалдау­шының ерекше тағамы — 2019» марапа­тын беріп, Биз­нес кластағы жол жиын­тығы мен Балалар жол жиынтығы бойын­ша үздік деп танылды. WTCE –  Борттағы тамақ­тану, сауда және жолаушылар жай­лылығы бойынша өтетін басты жаһандық іс-шара. Көрме жыл сайын Гамбургте 350-ден астам жеткізуші компания­ның өнімдері мен қызметте­рін сарап­қа салады. Көрмеге 800-ден астам әуе компаниялары мен темір жол ком­паниялары қатысады. WTCE шеңбе­рінде жолаушыларға қызмет көрсету сапасы туралы конференция, ұшақ интерьері және жолаушы тасымалы саласындағы технология­лық шешім­дер көрмесі  өтеді.

«Эйр Астана» – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының және BAE Systems компаниясының 51% және 49% тиісті үлестері бар бірлескен кәсіпорны болып табылады. 

Тұрақты рейстер 2002 жылдың 15 мамырынан бастап орындай бастады және 60-тан астам халықаралық және ішкі бағыттарға ұшады.

 Компанияның әуе флоты Boeіng 767/757, Aіrbus A320/А321 және Embraer E190/33 ұшақтан тұрады.

«Эйр Астана» ТМД және Шығыс Еуропа елдеріндегі тасымалдаушылардың арасында Skytrax халықаралық агенттігінің 2012 жылы беделді 4 жұлдызды рейтингін және «Орталық Азиядағы және Үндістандағы ең үздік әуе компания» сыйлығының 7 дүркін лауреаты.

«Эйр Астана» Тrіpadvіsor сайтының «Тravelers’ choіce awards 2018/2019» сыйлығының  «Аймақтық Азия тасымалдаушысы» cанатының екі дүркін жеңімпазы атанды.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *