«Ұлттық тағамдарды жаңғырту»  қалалық байқауы өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Khama park» мейрамханасында Алмалы ауданы әкімі аппараты мен Туризм және қонақжайлылық индус­триясы колледжінің ұйымдастыруымен ұлттық тағамдарды жаңғырту бойынша қалалық байқау өтті.

Байқаудың мақсаты – қазақтың ұлттық асханасына, мәдениетіне, салт-дәстүріне қызығушылықты ояту, қазақтың ұлттық салт-дәстүрімен ұшта­сып жатқан ұмыт қалған тағам түрлерін  насихаттау, дәріптеу, таныту, ұлттық асхананың алуандылығын жаңғырту арқылы туристерді тарту.

Байқаудың қортындысы бойынша Гран-при жүлдесін Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі, бірінші орынды Алматы қаржы-құқық­тық және технологиялар колледжі, екінші орынды Алматы мемлекеттік биз­нес колледжі, үшінші орынды Орал қаласынан келген Сервис және жаңа технологиялар колледжі жеңіп алды.

Барлық жүлдегерлерге  Алмалы ауданының  әкімі Ж.Естенов пен «Khama park» мейрамхана кешенінің директоры С.Әділхановтың Мақтау грамоталары  мен бағалы сыйлықтар табысталды.

 

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *