ҰЛТТЫҚ САНАҒА СІЛКІНІС ӘКЕЛДІ

Биыл халқымыздың ұлы перзенті Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Осыған орай арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын аса ықтияттылықпен қарап, бастап кетті.

Алматыдағы Т.Жүргенов атын­дағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мектеп-интернат колледжінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын талқылап, талда­ған еді. Осы мақаланы тереңнен талдау үшін арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелді Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мектеп-интернат, колледж басшысының орын­басары Л.Алтыбаева ашып, мақа­ла­ның маңыздылығын баса көрсет­ті. Аталмыш іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Қ.Шота жүргізіп отырды. Мемле­кет басшысының мақаласы бір­не­ше бөлімге бөлініп, талқы­ланды. Мәселен, «Ұлттық болмыстың үлгісі» атты Қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы Р.Толық­баева, қазақ тілі мен әде­биеті пәнінің оқытушысы Б.Ағы­ман, Мемлекет ісінің мүддесі, Қазақ­стан тарихы пәнінің оқыту­шысы Р.Самбетжанова, Жаңа қоғамның жанашыры, Қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы Қ.Тө­рем­ұ­ратова, Әлемдік мәдениеттің тұлғасы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Г.Ибраева «Торқалы тойдың тағылымы» атты баяндама жасап, мақаланың маңыздылығын ашып көрсетті.

Дөңгелек үстелге жиналған­дар өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді. Сонымен қа­тар, «Абай – 175» атты кітап көр­месі де жиналғандардың көңілінен шықты.

Осы басқосу барысында Абай мұраларын жастарға кеңінен наси­хаттау үшін жүргізілетін жұмыстардың да жоспары жасал­ды. Алдағы күндерде «Абай мұра­сы және жастар» атты онкүндік өткізілетін болады.

«Абай оқулары», «Абай тану» атты шеберлік және факульта­тивтік сабақтар, «Абай тағылы­мы» тақырыбында ашық сабақ­тар, «Жас – ART 2020» халық­аралық колледж студенттерінің театр фестивалі, әдеби-музыка­лық кеш пен көрме өткізу сияқты бірнеше мерейтойлық іс-шаралар белгіленді.

Осындай іс-шараның соңы қаламыздағы Абай ескерткішінің жанында әдеби-музыкалық ком­по­зицияға ұласатын болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *