ҰЛТТЫҚ РУХАНИЯТЫМЫЗДЫҢ НАСИХАТШЫСЫ

 

1 шілдеде «Алматы ақшамы­ның» жарық көр­ге­ніне 30 жыл толды. Көзі­қарақ­ты, зер­делі оқырман бұл басы­лымның күні кеше қалай, қандай жағдайда шыққа­нынан жақсы хабардар. Мұн­дайда қазақ «оты­зында орда бұзба­ған, қыр­қында қамал алмайды» деп жатады ғой. 30 жыл көп уақыт емес.

Дейтұрғанмен де, басылым­ның тағылым түйер терең тари­хы, өзінің қалыптасқан мектебі, ұлттық ақпарат кеңістігінде алар айшықты орны бар. Бұл жөнінде алдағы уақытта тәп­сір­­­­лейтін боламыз.

Ендігі жерде бүгінгі нөмірден бастап әріптестеріміз, қалалық, респуб­ликалық құрылымдар, бел­гілі тұлғалар, жалпы оқыр­ман­дарымыз тарапынан келіп жатқан құттықтау, ілтипат, лебіз­дерді жариялап отыру­ды да міндетіміз санап, зор риза көңі­лімізді білдіреміз.

Қадірлі әріптестер!

Еліміз ғасырлар бойы аңсап күткен егемендіктің елең-алаң шағында ана тілімізде жарық көріп, ел игілігіне айналған «Алматы ақшамы» газетінің бүгінгі қазақ баспасөзіндегі алар орны ерекше.

Алғашқы бастамасын ақбас Алатау­дың бөктеріндегі ару қала – Алматының жаңалықтарын республикамызға жүйелі түрде жеткізіп отырудан бастаған ақшам­­дықтар тынымсыз шығарма­шылық ізденіс нәтижесінде газетті қалың оқырман қауымның сүйікті басылы­мына, рухани досына айналдыра білді. Биыл 30 жылдық мерейлі биігіне шыққан бұл газет тәуелсіздік қарсаңындағы тарихи сәттердің шежіресін жас мемле­кеттің бүгінгі жасампаз жетістіктерімен жалғаған санаулы басылымдардың бірі екендігімен де ерекшеленеді.

Қоғамдық сананың қозғаушысы, ұлттық руханиятымыздың насихатшысы болып отырған «Алматы ақшамы» газетінің қарышты қадамдарын еліміздің бас басылымы – «Егемен Қазақстан» ұжымы да әрдайым қолдайды және шығармашылық ұжымға ізгі ниетті тілеулестігін білдіреді. Мәңгілік елдің рухани кеңістігіндегі мерейі биік басы­лымдардың қатарынан көріне беріңіздер!

Мерекелеріңіз құтты болсын, қымбатты әріптестер!

 

Құрметпен,

«Егемен Қазақстан» РГ»

АҚ басқарма төрағасы Д.ҚЫДЫРӘЛІ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *