Ұлттық құрама жаңа киiмде

Ермұхамед МӘУЛЕН

Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасының ойыншылары тағы бiр рет елдi елең еткiзгелi отыр. Олар Астанада күнi кеше ғана фотосессия өткiздi.

Немiстiң «Стоунз» деп аталатын компаниясы ендi бұдан былайғы уақытта бiздiң құраманың жiгiттерiн костюм-шалбармен қамтамасыз ететiн болады. Әрбiр ресми кездесулерге Беранек баптайтын аяқдопшылар «Стоунз» компаниясының берген киiмiнде баратын болады.

Құрама сапында өнер көрсетiп жүрген Ренат Абдуллин, Аслан Дарабаев, Сергей Хижниченко және Александр Мокиндер немiс компаниясының киiмдерiн киiп, фотосессия да ұйымдастырып жiбердi. Ендi алдағы уақытта аталған маркалы киiм үлгiлерi Қазақстан аумағында танымал болады деп күтiлуде.

«Стоунз» компаниясы сондай-ақ, Германияның «Бохум» футбол клубының, Чехия ұлттық құрамасының және де Чехияның теннистен ұлтық құрамасын өз өнiмдерiмен қамтамасыз етiп келедi. Осы тiзiмге қосылып отырған бiздiң беткеұстар аяқдопшыларымыз жаңа киiммен жаңа табыстарға жете қойса жақсы болар едi.

Керек дерек

Англиядағы Портсмут университетi ғалымдарының зерттеуi бойынша, алаң жиегiнде әдемi киiнiп отырған бас бапкер ойыншылардың өнерiне әсер етедi екен. Мысалға алып қарайтын болсақ, үнемi костюм-шалбар киiп жүретiн Сэр Алекс Фергюссон («Манчестер Юнайтед»), Арсен Венгер («Арсенал»), Жозе Мауриньо («Реал») секiлдi жаттықтырушылардың командалары үнемi жеңiске жетiп жатады.

Аталмыш оқу орнының спорттық психология бөлiмiнiң ғалымы Ричард Телуэллдiң ойынша, галстук киiп ойын кезiнде өзiнiң тактикалық жүйелерiн мәдениетпен нұсқап отыратын, салмақты бапкерлердiң жүрiс-тұрыстары алаңдағы футболшыларға үлкен көмек бередi екен. «Ал, жаттығу кезiнде бапкердiң керiсiнше спорттық киiм киiп келгенi дұрыс. Және футболшыларға жаттықтырушының спорттық бабынан кете қоймаған, икемдiлерiнiң айтқан ақылдары қонымды келедi. Егер олардың ұсқыны нашар болып, қарындары шығып, доп тебуге икемдерi келмесе, бұл ойыншыларға жаман әсер бередi»  дейдi ғалым.

Әзiрге төртiншiмiз

Волейболдан Жоғары лигадағы әйелдер командалары арасындағы Қазақстан чемпионатында Алматы қаласының намысын қорғап жүрген «Алматы-ЦСКА» ұжымы турнир кестесiнде 3 турдан соң 4-орында келедi.

Aлғашқы бестiктегi Өскеменнiң «Шығыс-Қорғасын Құрылыс» (51 ұпай), Темiртаудың «Спартак АМТ» (42 ұпай), Қостанайдың «Иволга» (40 ұпай), Алматының «Алматы-ЦСКА» (35 ұпай), Оралдың «Грация-KZ» (34 ұпай) волейболшылары екiншi бестiктен тағы да қара үзiп кеттi.

Ел бiрiншiлiгiнiң 4-тур ойындары 15–20-наурызда Орал қаласында өтедi деп жоспарланған. Жарыс тәртiбi бойынша алдағы сындарда алғашқы алтылық 1–6-орындар, ал өзге 4 команда 7–10-орындар үшiн таласатын болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *