Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған бағдарлама

Ерлан САИРОВ,

саясаттанушы

 

Бүгінгі таң­да Қазақ­стан жа­һан­­дық әлемге еніп, өзі­нің ин­тел­­лек­туал­дық даму дең­гейін анықтап, мәртебесін биік­тету жолына түсті. Біз өзімізді аяғынан нық тұрған мемлекет ретінде танытып, серпінді серпілісіміз бен ішкі өзекті мәселелерімізді оң­тайлы шешіп, алға басар қадамымызды  нықтауымыз керек.

Біз «рухани жаңғыру» туралы сөз қозғағанда, қоғам мен мемлекеттің тарихи цейтнотта тұрғандығын, яғни уақыттың аздығын түйсінуіміз қажет.

Қазір біз «қым-қиғаш», «шұғыл бұры­лыстары» көп, былайша айтқанда турбулентті заманға кіріп бара жатырмыз. Сырттан келетін тәуекел мен қауіп-қатер күннен-күнге қабатталып келеді. Сон­дықтан рухани жаңғыру тақыры­бының күн тәртібіне дер шағында қойылып отырғанын айта кетсем деймін. Бірақ осынау тарихи жүк арқалаған міндетті шешпес бұрын, жаңғыру дегеннің түп негізіне үңіліп, талдау жасағанымыз абзал.

Модернизация, яғни жаңғырту – еліміздің экономикасы мен әлеуметтік саладағы ілгері дамуының алғышарты.

Американдық әлеуметтанушы Самюэл Хантингтон елді алға сүйрейтін даму мүмкіндіктерінің бірнеше қадамын көрсетеді.

Бірінші қадам – жаңғыртусыз вестер­низация, яғни батыс мәдениеті үлгілерін, батыстық мәдениеттің жеке құндылық­тарын қабылдау. Бұл бағыт көпшілікке күмәнді болып көрінуі мүмкін. Себебі, вестернизация мен модернизация ұғым­дары бір-бірімен тығыз байланысты.

Дәл осындай жолға Египет, Филип­пин елдері түскен болатын. Бұл екі елде де нәтижесіз болып, екеуі де бүгінгі таңда қиын жағдайда тұр.

Екінші қадам – бұл вестернизациясыз жаңғырту. Классикалық жаңғырту вестернизация ұғымымен егіз болған­дықтан, дамудың бұл әдісі түбегейлі жаңа да тың болып саналады. Кейде оны постмодернизация деп те атайды. Ал бұл жолға жаңа индустриалды Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері түсті. Олар өздерінің бірегейлігін өзгертпей-ақ жаңғыру бағытын таңдады.

Жапонияда Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі американдық басқын­шы­лық ұжымдық құрылымдардың ыды­рауына әкеліп соқтырды, милитаристік санаға жол ашты, нәтижесінде либера­лизация, яғни ырықтандыру басталды. Бірақ ол өз кезегінде дәстүрлі қоғамның бұзылуына алып келді. Сондықтан 50-жылдарда жапон әлеуметтанушылары «дәстүрлі жапон қоғамын емес, мемле­кеттің міндет-мақсатын өзгертетін» басқа бағдарлама ұсынды.

Дәл осы сияқты, біздің «Рухани жаң­ғыру» – қазақстандық қоғамның дәстүрлі құндылықтарын және ұлттық ерекше­ліктерін сақтай отырып, мемлекетімізді жаңғыртудың берік іргетасы деуге болады.

Ендеше, бұл бағытты постмодер­низация кезеңіндегі «егеменді модерниза­ция» деп бағаласақ артық емес.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *