ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТІМІЗДІҢ БАСТЫ БАҒДАРЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде    Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында  «Ұлттық рухани мұраның  жаңғыруы  және отандық әдебиеттің  әлем танудағы рөлі» атты азаматтық-патриоттық, әдеби-танымдық шара өткізілді.

Онда Мемлекет басшысының бағдарла­малық мақаласын  іске  асыру жолындағы рухани қазынамызды жаңғыртуға, әдеби мұраларымызды сақтауға,  насихаттауға қатысты  негізгі мәселелер талқыланды.  ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының ұстаздар ұжымы ұйымдастырған шара факультет деканының  ғылыми-иннова­ция­лық істері жөніндегі орынбасары Ербол Тілеубердіұлының кіріспе сөзімен ашылды. Басқосуда  шығыстанушы Ислам Жеме­нейді жиналғандарға таныстырып өткен шараның жауапты ұйымдастырушысы, аға оқытушы А.Бегалиева  кештің басты мақ­саты мен жұмыс тәртібіне шолу жасап өтті. «Біздің бағымызға бұйырған бақытты өмірімізді қамтамасыз еткен — Тәуелсіз­дігіміз. Бір жағынан қарасаңыз, аз уақыт, екінші жағынан осы жылдары Елбасының баянды басшылығы мен халықтың бірлігі­нің арқасында үлкен асулардан өттік. Сон­дықтан қазіргі жастар аман болса, елге адал қызмет атқаратыны даусыз. Өйткені, олар Отанын сүйетін нағыз патриоттар», — деді ол.

Шараның құрметті қонағы «Тұран-Иран» ғылыми-зерттеу орталығының дирек­торы, филология ғылымының док­торы, профессор Ислам Жеменейдің  «Менің өмір жолым: жат жердегі қилы кезеңдер мен Отаныма оралуым», «Ұлттық әдебиет және қазақ тарихының дерекнама­лары» тақырыбындағы жасаған баяндама­лары қатысушылардың үлкен қызығушы­лы­ғын оятқан рухани азығы мол сабақ болды.

Көрнекті ғалым  Ислам Жеменейдің бұл шараға шақырылуының өзіндік мәні бар болатын. Себебі, ЖОО-ға дейінгі дайын­дық кафедрасында білім алатын тыңдаушылар алыс-таяу шет елдерден (ҚХР-дан, Өзбекстаннан, Ираннан, Арабия­дан, Моңғолиядан)  келген қазақ жастары.  Сол себепті, коммунизм саясаты белең алып тұрған шақта елімізге  сонау Ираннан атамекеніне еңбек ету үшін, кеңестік жүйеден қаймықпай келген Ислам Жеменейдің өмір жолы, қилы тағ­дыры –    шетелдік қазақ жастарын Қазақ­станның қазіргі заман тынысына бейімдеу үшін атқаратын тағылымы мол, бағыт сілтер ұлағатты жол.   И.Жеменей ағамыз, қай жерде жүрсе де, қонақжайлылығы мен бауырмалдығын ұмытпаған қазақтың құнды қасиеттері мен спорттағы жетістігі­мен әлемге  танылған Дәулет Тұрлы­хановтың отансүйгіштік қасиеті туралы ғибратты әңгіме айтты. 1989 жылы Түркия­да қазақтың біртуар ұлы Дәулетті кездес­тіргенін, КСРО-ның бірнеше дүркін чем­пионы және Әлем чемпионы Д.Тұрлы­хановты Түркияның күрес федерациясы­ның президенті Түркия азаматтығын қабыл­дауға шақырып, бір миллион доллар мен көпқабатты коттедж үй ұсынғанын, сонда Дәулеттің өз елімнің байлығы бар қазаққа жетеді, «өзге елде сұлтан болға­нымша, өз елімде ұлтан болғаным» жақсы деп, бас тартқанын айтып берді. Кейін Қазақстанға келгенінде Дәулеттің үйіне қонаққа барғанын, сол кезде Әлем чемпионы болып, атағы жер жарған палуанның  қара­пайым көптің біріндей көп­қа­батты үйде тар пәтерде тұрып жатқан қоңырқай тұрмы­сын көріп, оның отансүй­гіш үлкен жүре­гіне, аза­маттық мәрттік қасие­тіне тәнті болғанын айтқан кезде, қатысушы­лардың бәрі тағылымы мол әңгімені тебірене тыңдады.

Әдеби-танымдық шара жұмысын қоры­тын­дылай келе, шараның жа­уапты ұйым­дас­тыру­шы­ларының бірі, аға оқыту­шы, филолог Р.Нар­алиева қазақ әде­бие­тінің әлем әдебие­тіндегі алатын орны туралы айта келе, Ислам Жеменейдің ғалым ретінде ұлттық әде­бие­тімізді, әдеби-мәдени жетіс­­тіктерімізді әлемге таныту мақсатында орасан зор еңбектер атқарып жатқанын,  қазақ әдебиетінің екі томдық жинағы пар­сы тілінде жарық көргенін, жақында уни­вер­ситеттің орталық «Әл-Фараби» кітап­ханасында оның тұсау­кесері болаты­нын тілге тиек етті. Жастарын Ислам ағала­ры секіл­ді елімізге аянбай қызмет етуге шақырды.

 

Р.Наралиева, М.Тойғанбекова,

 ҚазҰУ-дың аға оқытушылары.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *