Ұлттың ұлы парызы

Балнұр АХМЕТ

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві Медеу ауданы әкімдігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Конс­титуциясы күніне орай дөңгелек үстел өткізді. «Қазақстан Рес­пуб­ликасы Конституциясы – қалыптасқан мемлекет дамуы­ның кепілі» атты ізгі шара Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы­на орай өтті. Аталған шара еліміздің негізгі Заңын сыйлау рухында келешек жасөспірім ұрпақты отан­сүйгіштікке тәр­биелей отырып, мемлекеттік құрылыстың жетіс­тігін наси­хаттау мақсатында ұйымдас­тырылды.  Жиынға Медеу ауда­нының әкімдігі, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Басқосу барысында тарих ғылым­дарының докторы, профессор, академик Саттар Мәжитов, ҚР Еңбек Ері Аягүл Миразова және басқа да қатысушылар «Ата заң – Тәуелсіздік пен тұрақты­лық­тың негізгі іргетасы» тақыры­бында баяндама жасады. Жиын­да Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев Ата Заңның мем­лекет тарихындағы маңыз­ды­лығына тоқталды.

 

– Конституцияның қабылдануы егемен Қазақстанның қалыптасу тарихындағы маңызды оқиға болып саналады. Конституцияны қатаң ұстану мемлекеттіліктің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі болып табылады. Елбасымыз айтқандай, кез-келген мемлекеттің ұстанымын, ұлтының құндылығын, оның жетістігін айқын­дайтын негізгі құжат – Конституция. Ата Заңды аялап, қастерлеу – ұлттың ұлы парызы, – деді Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев.

Ал, ҚР Президенті Архивінің директоры Борис Жапаров өз сөзінде Қазақстанның Конституциясы әлем­дегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 Конститу­цияның бірі болып саналатынын айтты.

– Елдіктің бастауы болып табы­латын Қазақстан Республикасы Кон­ституциясы – бүгінгі Қазақстанның саяси табыстарының және страте­гиялық дамуының негізі. Кез-келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демо­кратиялық құндылықтарын айқын­дайтын негізгі құжат – Конституция болып табылады. Құжатта мемлекеттің құндылықтары, азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, құқықтары көрсетіледі. Осыдан  21 жыл бұрын 30 тамызда Қазақстан халқы тарихи шешім қабыл­дап, еліміздің құқықтық өмі­ріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басқан еді. Содан бері Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата заң мемле­кетіміздегі саяси-эконо­микалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды. Көптеген зерттеу­шілердің пікірінше, Қазақстанның Конститу­циясы әлемдегі жалпы­адамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 Конституцияның бірі болып саналады, – деді Борис Жапаров. Дөңгелек үстел Ата Заңды қабыл­даудағы дайындау үрдістерін, 1995 жылғы Конститу­цияның жобасын талқылап және дайын­даудағы тарихи кезеңдерді көрсететін тарихи-құжат­тамалық көрмемен жалғасын тапты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *