ҰЛТТЫҚ ДАМУДЫҢ ҮЛГІСІ

Қазіргі жаһандану заманында әрбір ұлттың өзінің ұлттық рухани болмысын іздеуі – заңдылық. Ұлттық сана сілкінісін тудырар Елбасы Н.Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарла­малық мақаласы – келешекке айқын бағыт сілтейтін құнды құжат. Үшінші жаңғыру негізінде қайта даму жолына көшкен еліміздің ұстанған бағыты айқын, ол 30 дамыған елдердің қатарына кіру. Рухани жаңғыру үнемі салтанат құруға тиіс, ауқымды іс-шаралардың жүзеге асыры­луын қамтитын жұмыстар.

Бұл бағытта сот  жүйесінде де тың өзге­рістер орын алды. Халықтың сот жүйесіне сенімін арттыру мен сот өндірісін айтар­лықтай жеңілдету мақсатында бірқатар реформалар жүргізілді. Соттар қағаз, құжат айналымынан цифрлық жүйеге өтіп, құжат айналым электронды түрге кезеңмен өте бастады.  Қазіргі таңда талап-арыздар элек­тронды түрде жолданып, сот отырыс­тары да онлайн түрде өткізілуде.

Сот саласында дана билердің мән-мағынасы терең нақыл сөздері әлі күнге дейін қолданыста жүр. Мысалы, Түркі қағанатында қолданылған құқық жүйесі­нің элементтері қазіргі қылмыстық және әкім­шілік заңнамада көрініс тауып отырғанын атап өткен жөн. Қазақ хандығы тұсында билер биліктің атқарушы, заң шығарушы және сот тармақтары бойынша қызметтерді қатар атқарған.  Билер хандар және сұлтандармен бір деңгейде ел басқару ісіне қатысқан. Бас уәзір халықтың ерекше құрметіне ие болып, Хан кеңесіндегі ықпал­ды тұлғаға айналған.

1465 жылдан бастап Керей мен Жәнібек хандардың Қазақ хандығын құруымен заңнамалық база қалыптасты. Ал «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» қазақ сот жүйесінің негізін қалады. Аталған жарғылар сол дәуірдегі құқықтық қатынастарды реттеумен қатар, қоғамдық келісімді сақтауға ықпал етті. Сондықтан да бұларды өз заманының Конституциясы деуге толық негіз бар.

Өз кезегінде халықты бірлік пен тәуелсіз мемлекет құруға шақырған  ұлы, орта және кіші жүздің басты билері – атақты Төле, Қазыбек және Әйтеке билердің тікелей қатысуымен дәстүрлі құқық нормаларының жиынтығы ретінде «Жеті жарғы» әзірленді. «Жеті жарғы» әкімшілік, қылмыстық және азаматтық құқықтың нормаларын қамты­ды.

Сондай-ақ, Абай Құнанбайұлы атамыздың даналығымен 1885 жылы билер құрылтайында дәстүрлі құқық реформасын көздеген заң  «Абайдың 96 бабы» немесе «Шар ережесі» қабылданды. Аталған ереженің көптеген нормалары тәуелсіз Қазақстанның қазіргі заңдарымен сабақта­сып келеді. Бұларға куәгерлердің айғақ беруі, жалған куәлік еткені үшін жауапты­лық, сот шешімдерін бір айдан кешіктірмей орындау секілді нормалар жатады. Абай, сонымен қатар, дауларды әділ шешуге зор үлесін қосты. Съезде қабылданған ереже сол заманның Азаматтық процестік кодек­сі болып табылады.

Бұл құндылықтардың барлығы туған жердің тарих қойнауынан  кейінгі ұрпаққа келіп жеткен дүниелер. Осы аталған рухани мәдениетімізді жоғалтып алмай,  ой-санаға құя отырып, ұлттық сананы дамыту арқы­лы рухани жаңғыру әрбір азаматтың парызы.

Ұлттық мәдениет пен ұлттық рухты сақтау арқылы ғана ел дамиды, болашағы жарқын, мықты мемлекет ретінде салтанат құрады.

Рухани дамудың әрбір себілген тұқымы отбасынан бастау алады десек, қателес­пейміз. Себебі, тіл, салт-дәстүр, мәдениет, ұлттых рух пен сана ана сүтімен балаға дари келе, кейін жасөспірімнің  отбасы ошақ қасында алған тәрбиесімен ұштасып, кемел елдің ер-азаматы қанына сіңеді. Ал ұрпақтың отбасында салиқалы тәрбие алуына жауапкершілікті артатын ата мен ана.  Ұлттық рухы мықты, білімі халықара­лық дәрежеге сай, жүрегі «туған жер» деп соққан патриот сезімі лаулаған ұрпағы бар елдің  алар асулары аз емес. Кең байтақ елі, ұлан-ғайыр жері мен рухани байлығы бар қазақ елінің  ертеңі өшпейтін өркениетті ел құру жолында әр отбасы мүшесі, әр сала­ның маманы аянбай тер төксе,  жарқын бола­шаққа жетелейтін шыңдарды бағын­ды­ратынымыз сөзсіз.

 

Ж.ЖАЙЛАУБАЙ,

 Алматы гарнизоны әскери сотының

төрағасы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close