Ұлттың болашағын ойласақ…

«Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан имандылық пен адамгершілік қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз рухы дамыған, Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз» деген Тұңғыш Елбасымыз Н.Назарбаевтың сөзімен бастап отырмын.
Еліміздің болашақ азаматы – қазіргі жастар. Яғни егеменді елімізді дамытып, гүлдендіре түсетін санасы таза және дені сау ұрпақ. Адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынас міндетті түрде жақсы нәтижелер береді. Кішіпейілдік, сыйласымдылық, адамгершілік сияқты жоғары сезімдер болған жерде оң жетістіктер болары анық. Жас ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, болшағына жол сілтеу бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе.
Адамды жақсы ететін де, жаман ететін де – тәрбие. Сондықтан жеткіншек ұрпақтың өз халқының рухани қазынасымен, ұлттық мәдениетімен, дәстүрімен неғұрлым тереңірек танысуы нұр үстіне нұр болары анық.

Осы орайда А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясында қазақ тілі кафедрасының онкүндігінде түрлі іс-шаралар өткізілуде. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, ақын Аманғазы Кәріпжан мен мәдениеттанушы-журналист Бердалы Оспан сынды белгілі азаматтармен әдемі кездесу кеші өтті. Жыр шумақтарын ақтарып, оқушыларға ақыл-кеңестерін айтып, тәрбиелік мәні бар өнегелі сөздерімен оқушыларды тәнті етті. Парасатты, саналы, тәрбиелі болуға шақырды.  Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру – ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті екендігін айта келе, «Бәріміз қазақ деген береке-бірлігі бар азат елге  айналайық деген» тілектерін айтты.

Әрине, оқушының әдебиет әлеміне деген сүйіспеншілігін дамытып, рухани жағынан байыта түсуде ақын-жазушылармен кездесудің рөлі зор екендігі мәлім. Сондықтан да ұрпақ тағдыры – ұлт тағдыры демекші, ұлттың болашағы – оның білімді, талантты, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтың қолында. Адамгершіліктің қайнар бұлағы – халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында екенін ұмытпайық. Өз тілімізді, әдебиетімізді құрметтейік. Сонда ғана әдебиетіміз ғұмырлы болады.

Тамаша РАХЫМЖАНОВА,

А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *