«ҰЛТШЫЛДЫҚ ИСІ АҢҚЫҒАН МАҚАЛА»

Өтеген ОРАЛБАЙҰЛЫ,

ҚР Президент сыйлығының лауреаты, ақын:

– …Осылайша «Сұхбатты», ең алдымен, Әбділда Тәжібаев ағамыздан бастайтын болдық. Бұл «Сұхбат» қыркүйек айының аяғында, Алматы жазының келбетіне әлі де әжім түсе қоймаған кезінде өтіп, «Қаламмен жазылған қарумен өшпейді» деген атпен газеттің екі бетке жуық көлемінде жарық көрді. Оқырмандардың қабылдауы қызу болды, редакцияға бес жүзге жуық қоштаған, алғыс айтқан, ұсыныс берген хаттар келіп түсті.  Бұл сұхбат сол жылғы, 1986 жылғы дүрбелеңнен соң, меншікті тілші Төлеужан Есілбаевтың «Правда» газетінде шыққан «Паутина» деген мақаласында «ұлтшылдық исі аңқыған мақала» деген тіркеске тиек болды. Халқымызда: «оққағары бар» деген сөз бар ғой. «Правда» тілшісі мақаланың аты мен авторын атап көрсетпеген соң да, «қырағы көздерден» қағыс қалдық. Әйтпесе, «дүр дәуірдің дүмді диірмені» балаң бидайды күлдей уатып, талқандай тартып тастайтыны кәміл еді. Бұған «қапа болып», үндеместерге жасырын үн қатқан қатарластар да арамызда бар болып шықты. Бұл енді басқа әңгіме.

 

(«Егемен Қазақстан», 9.10.2018)

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *