ҰЛТ ТАРИХЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ ҰЛЫ ТҰҒЫРЫНА ЖАЙҒАСТЫ

Көшпенді халықтың ұрпағы, мына біздер тегіміз бен ұлттық негізімізді, нағыз арғымағымыздың қадір-қасиетін бағамдау – бүгінгі күндегі міндетіміз.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты тарихи сананы жаңғырту мақсатын­дағы баяндамасы тарихшыларға үлкен серпін мен жаңаша көзқарастар қалыптас­тырып, тарихи зерттеулердің жаңа методо­логия­сын, дәлірек айтсақ, ұлт тарихын зерттеп-зерделеудегі негізгі зерттеу әдістері мен бағдарларын айқын­дап берді.

Мен бұл мақалаға көз сала отырып, қазақ халқыныңғана емес, түбі түркі дүние­сінің тарихын түгендеген Елбасы Нұрсұлтан Әбіш­ұлын түркі тілдес халық­тарының рухани жанашыры ретінде таныдым.

Әрбір халықтың жеке халық болып қалыптасуы үшін көптеген тарихи кезең­дерді басынан өткізуіне тура келеді. Бұл күрделі үрдіс бір немесе екі ғасырдың ішін­де бол­май­ды, халық болу үшін бірнеше ғасырларды қажет етеді. Осы орайда, ұлт болып қалыптасу жолындағы көрген талай қасіретті жылдары мен өткелдерінен сабақ ала отырып, халық болып сақталуы­мыздың іргесін берік ұстануымыз қажет.

Еліміздегі және алыс және жақын шет елдердегі архив құжаттарын зерттеп-саралап, нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, обьективті тұжырымдамалар жасай келе, жаһандық әлем тарихындағы қазақ ұлтының мәртебесін, тегімізде бар ата-бабалары­мыз­дан қалған рухани және материалдық құндылықтарды анықтап, әлем халықтарына паш ету, халқымыздың беделін көтеру.

Ұлттық тарихымызда ата-бабамыз атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылы­ғына аса мән берген.  Халық даналығында «Еура­зия көшпенділерінің тарихы – тұлпар тұя­ғымен жазылған тарих» деп бекер айтпай­мыз. Біз, қазақ – көшпенді халықтардың ішінде өз этномәдениетін сақтаған халықпыз.

Елбасының бұл баяндамасы қазақ тарихы ғылымына бұлқыныс әкелді, тарих­шыларға жаңа бетбұрыс жасады деп айтар едім. Тарихта қазақты ұлт ретінде сақтап қалған рухани құндылық – ұлттық сана, тарихи сананың рухы деп санаймын.

 

Ақнұр ОРАЛОВА,

тарих ғылымының магистрі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *