ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы ретінде қарастырған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көргелі тарихшылар, жазушылар мен қоғам қайраткерлері арасында оның тарихи маңыздылығы қызу талқылануда. Талқылау барысында мақаладағы айқын көрсетілген жеті фазасы – еліміздің терең тарихы мен мәдениетін кеңінен насихаттауға мол мүмкіндік беретіндігін және басты мақсат – төл тарихын білетін, бағалайтын жас ұрпақ тәрбиелеу қажеттігін алға тартуда. Осы мақала аясында елімізде түрлі іс-шаралар жүргізіліп, алдағы мақсаттар айқындалып жасалынатын жоспарлар жалғасын табуда.

 Қожа Ахмет Яс­сауи атын­дағы №123  мектеп-гим­назиясында Мемле­кет бас­шы­сының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы­ның аясында «Ұлт тарихын­дағы кеңістік пен уақыт» атты семинар өтті. Атал­­мыш іс-шараның мақсаты – төл тарихы­мызды насихат­тау, өскелең ұрпақтың елдік санасын ояту, тари­хымыз бен мәдениетімізді дәріптеу арқылы жас ұрпақты рухани дамуына бағытталды. Семи­нарға №146 мектеп-лицейі­нің тарих пәнінің мұғалімі, «Өлкетану» оқулығының авторы – Қатира Қамысбаева, Яссауитанушы, «Яссауи феномені» кітабының авторы – Айбек Нәби және Жас ғалымдар кенесінің төрағасы, тарихшы – Руслан Сейтқа­зиев қатысты. Семинар барысында Елбасымыздың «Ұлы дала­ның жеті қыры» атты мақала­сындағы атқа міну мәдениеті, Ұлы даланың көне металлургиясы, аңдық стиль, алтын адам, түркі әлемінің бесігі, Ұлы жібек жолы мен алма мен қызғалдақтың туған жері туралы толығырақ тоқталды. Айбек Нәби «Ұлы даланың рухани құндылықтары» атты баянда­масында жаһандану заманында, өскелең ұрпаққа қажет деп табылатын аңыз-әңгімелердің, ерте­­гілердің, жыр-дастандардың маңыз­­дылығы мен құндылығын ерекше атап өтті. Қатира Балабекқызы оқушылардың өз тарихын жетік біліп, өзінің туған жері, ондағы құнды­лықтарды игеру үшін «Өлкетану» оқулығының маңызды­лығы зор екен­дігін тілге тиек етті. Сонымен қатар, мақала аясында тарих, мәде­ниет, қазақ дүниета­ны­мына қатысты қызық­ты әңгімеге ұласып, келген қонақтармен №123 мектеп-гимна­зия­сының мұғалімдері қызу сұхбат жүргізіп, өз ойларымен бөлісті. Келген қонақтарды мектеп басшысы Бағила Масимахынқызы жақсы ықыласпен қарсы алып, өз алғысын білдірді.

Иә, қарап отырсақ, барымызды бағалап, жоғымызды түгендейтін уақыт келгені қашан. Осыған жауап ретінде берілген Мемлекет басшысы­ның бұл мақаласының маңыздылығы тарих пен болашақты байланыстыр­мақ. Дегенмен, мұндай семинар мен кездесулер өзіндік мөлшерде жемісін берер, бірақ аталған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаланың төңіре­гінде іс жүзінде жұмыстар істеу қажеттігі туып отыр. Әсіресе, білім меке­мелеріндегі оқушыларды, сту­денттерді, білім алушыларды мақалада айқын көрсетілген құндылықтары­мызбен таныстырып, оларды кеңінен насихаттап, әрбір білім алушы өз тарихын, мәдениетін біліп, соның рухани құндылықтарын бойына сіңірер болса, болашағымыздан үлкен үміт болары сөзсіз. Елбасы мақаласы­ның басты бағытында осы «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі», – деп өз мақаласында ерекше атап көрсетеді. Сондықтан мұндай іс-шаралар жалғасын тауып, жиі өткізі­луі қажет. Себебі, бір нәрседен екінші нәрсенің идеясы, жоспары құрылуына осы секілді кездесулер өз септігін тигізеді.

 

Жәудіркөз ТОҚСАНБАЕВА,

Қ.А.Яссауи атындағы

№123 мектеп-гимназиясы

тарих пәнінің мұғалімі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *