ҰЛТ САУЛЫҒЫ — басты басымдығымыз

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың  халық­қа жасаған биылғы Жолдауын негізінен  ішкі әлеуметтік саланы оңалту мәселесіне, оның жолдарына арналған деп қабылда­дық. Айтылған мәселелердің өз саламыз – денсаулық сақтау, оның ішінде әлеуметтік медицинаға байланысты тұстары біздің ойымыздан шығып жатты. Сол себепті, біз ауданымызда атқарылған жұмыстарды жалғастыра бермекпіз. Елбасы айтқандай, қазақстандықтардың өмір сүру, тұрмыс сапасы бірінші кезекте болуы керек.

Әлия МАЗБАЕВА,

қалалық №25 емхананың бас дәрігері,

Алатау аудандық медициналық

мекемелер жетекшісі:

Өз Жолдауында Нұрсұлтан Назарбаев алты маңызды бөлікті атап өтті:

  1. Халық табысының өсуі;
  2. Тұрмыс сапасын арттыру;
  3. Өмір сүруге жайлы орта қалып­тастыру;
  4. Азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат;
  5. Тиімді сыртқы саясат;
  6. Әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы.

Белгілі даму бағыттарының әрқайсы­сында Мемлекет басшысы үкімет үшін бірқатар нақты міндеттер қойды. Әсіресе, денсаулық сақтау саласына қатысты міндеттерді ерекше атап өткім келеді. Жолдауда айтылғандай, қазақстандық­тар­дың әл-ауқаты, ең алдымен, табыстың тұрақ­ты өсуіне және өмір сапасына байланысты.

 

ХАЛЫҚ ТАБЫСЫНЫҢ ӨСУІ

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өседі. Бюджеттік мекеме­лерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға көтеріледі.  Осы мақсаттарға 2019–2021 жылдарда  республикалық бюджеттен жыл сайын 96 миллиард теңге бөлу керек. Осы­ған орай, енді ең төменгі жалақы  ең төмен­гі күнкөріс шегіне байла­нысты болмайды. Ең төменгі жалақының жаңа мөлшері бүкіл экономика ауқы­мындағы еңбекақы өсімі­нің катализаторына айналады.

ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ

Әл-ауқатымыздың екінші бір сипаты – өмір сүру деңгейінің артуы.

Білім берудің, денсаулық сақтау сала­сы­ның, тұрғын үйдің сапасы мен қолже­тімділігі, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері әрбір қазақстандық отбасына қатысты.

Осыған орай, Үкімет әлеуметтік сектор­ға, қауіпсіздік пен инфрақұрылымға мән бере отырып, бюджет шығыстарының басымдықтарын қайта қарауға тиіс.

Бұл ретте Елбасы бес жылдың ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салала­рына барлық көздерден жұм­салатын қаражатты ішкі жалпы өнім­нің 10 пайы­зға дейін жеткізді. Қаржы­лан­дыруды халыққа қыз­мет көрсету сапа­сын елеулі түрде артты­руды қамтамасыз ететін тиісті реформа­ларды жүзеге асыруға бағыттау керектігін айтты.

 

Медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды бөлігі болып саналады.

Жолдауда ең алдымен, ауылдық жер­лерде алғаш­қы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажеттігі айтылды.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталан­дыру үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медици­на қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға көбейтуді тапсыра­мын, — деді Елбасы Н.Назарбаев.

Осы мақсаттарға келесі жылы 5 миллиард теңге бөлінеді.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар меди­циналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуге тиіс.

Бұл 2020 жылға қарай бүкіл тұрғын­дардың электронды денсаулық паспорт­тарын жасауға, кезектерді, бюрократияны жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл міндетті іске асыру үшін Алатау ауданындағы медициналық ұйымдар 2018 жылы біртіндеп көшуді бастады, халық үшін электронды төлқұ­жаттар жасалды, мобильдік қосымшалар орнатылды, көптеген бағдарламалар енгі­зілді. Биылғы жылы қағазсыз денсаулыққа көшу бойынша пилоттық жоба аяқталды. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ауданның барлық емханалары қағаз­сыз медициналық құжаттарға толы­ғымен ауысады. Бұдан басқа, 2020 жылға қарай халықтың 100% электронды паспорт­пен қамтылатын болады.

Осыған дейін жасалған кардиология­лық және нейрохирургиялық кластерлердің тәжірибесін пайдаланып, 2019 жылы Астанада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысын бастау керек.

Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, Ұлт саулығы – мемлекеттің басты басымдығы. Бұл – қазақстандықтар сапалы азық-түлікті пайдалануға тиіс деген сөз және «Қор­ларды тауып және бұқаралық спорт пен дене­шынықтырудың қолжетімділігін арт­тыру». Бұл халықтың денсаулығы мен сауықтыру іс-шараларын өткізу, сондай-ақ халықты сапасыз және қауіпті тауарлар мен қызмет­терден қорғауды білдіреді.

«Тұрғын үй ипотекасының қолжетімді­лігін арттыру», – деп жергілікті бюджет есебі­нен жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны ішінара субсидиялау мәселесін пысықтауды Елбасымыз тапсыр­ды. Бұл желі мұндай тұрғын үй сертифи­кат­тарын беру біліктілігі жоғары педагогтер, медицина қызметкерлері, полицейлер және өңірге қажетті басқа да мамандар үшін ипотеканың қолжетімділігін арттырады.

Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтары үшін ірі қалаларда жалдамалы тұрғын үй құрылысын ұлғайту қажет.

Бұл шаралар 250 мыңнан астам отбасы үшін тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Бюджет есебінен салынатын жаппай құрылыс алаңдарына арналған инженерлік инфрақұрылым жүргізуді қоса алғанда, мемлекет бес жыл ішінде 650 мың отбасыға немесе 2 миллионнан астам азаматтары­мызға қолдау көрсетеді.

Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыра отырып, біз әлемнің дамыған елдерінің біріктіретін ұйымы болып табыла­тын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына елдердің деңгейіне, өмір сапасына, дәрі-дәрмектеріне жақында­тылатын боламыз деп айтқым келеді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *