ҰЛТ ПЕН ҰЛЫС КӨП, МЕМЛЕКЕТ, МҮДДЕ – ОРТАҚ

Сұлтан ОЗДАЕВ,

«Вошил»-«Братство» Ингуш мәдени орталығының төрағасы:

Алматыда 3 мыңнан астам ингуш ұлтының өкiлдерi бар

– Этносаралық келiсiм – тұрақтылықтың белгiсi. Тiптi, ингуш диаспорасының Қазақстандағы мәдени орталығының атауы қазақ тiлiне аударғанда «бауырмалдылық» дегендi бiлдiредi. Мiне, бiз осындай бауырмал халықтың арасында өмiр сүрiп жатырмыз.Ингуш халқының бейбiт түрде өз мәдениетiн қалыптастыруына, сондай-ақ ана тiлiн әлi күнге дейiн ұмытпауына ҚР Президентiнiң қосқан үлесi зор. Тiптi, соңғы он жыл көлемiнде Қазақстанда тұратын ингуштардың саны өсiп, олардың арасындағы көшi-қон сальдосы тұрақтана бастады. Қазақстанға келушi ингуштардың қатары көбеймегенiмен, кетушiлердiң қатары мүлдем сейiлдi десе де болады. Әрине, бұл жасалынып жатқан жағдайға байланысты орныққан тұрақтылық деуге келедi. Бүгiнде Қазақстанның әр түкпiрiнде 30 мыңға жуық ингуштар бар. Олардың денi — Орталық Қазақстанда, яғни, Көкшетау, Қарағанды, Астана сияқты қалаларда тұрады. Ал, Алматыда 3 мыңнан астам ингуш ұлтының өкiлдерi бар. Осыған байланысты, бiз жыл сайын әр облыстағы қандастарымызбен ұжымдасып мәдени шаралар өткiзiп тұрамыз. Сондай-ақ, елдегi болып жатқан саяси, мәдени, әлеуметтiк жағдайларға белсендi түрде араласып отырамыз. Мәселен, Президент сайлауы, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылтайлары сынды саяси-қоғамдық шаралардан ингуш халқы ешқашан тыс қалған емес.

Мусаннип УВАЙСОВ,

«Дағыстан» мәдени орталығы» қоғамдық бiрлестiгiнiң т#рағасы:

Қазақстанда ешқашан өзiмiздi бөтен сезiнген емеспiз

– Тәуелсiздiктiң 20 жылында жеткен жетiстiктерiмiзге Қазақстан халықтарының өзара түсiнiстiкте, бейбiт өмiр сүруi де ықпал еттi. Қазақстанда жалпы саны 12 мың дағыстандық тұрады. Олар, әсiресе, республиканың Маңғышлақ, Атырау, Қарағанды сынды өңiрлерiнде көп шоғырланған.

Ал, бүгiнде Алматы қаласында Дағыстан халқының 11 түрлi өкiлi тату-тәттi өмiр сүруде. Hзiм төрағалық ететiн «Дағыстан» мәдени орталығы мемлекетiмiздегi дағыстандықтардың басын қосатын iргелi бiрлестiк болып табылады. Бiз елiмiзде өзiмiздi ешқашан бөтен сезiнген емеспiз. Бұл

– Нұрсұлтан Назарбаев басымдық берiп отырған ұлтаралық келiсiмдi нығайту саясатының арқасында деп бiлемiн.

Асылы ОСМАН,

Мемлекеттiк тiлге құрмет бiрлестiгiнiң төрайымы, профессор:

Жүректердi баурап алу – ұлы жеңiс

— Бейбiтшiлiктiң өмiрi ұзақ. Тыныш өмiрдi қаласаң, өзгелердiң өмiр сүруiне кедергi жасама. Ынтымақшылдар өмiр сүрiп қана қоймайды, олар одан ләззат алады. Бәрiн де көр, бiл, естi, бiрақ сабырлы бол. Күнiң дау-шарасыз өтсе, ұйқың тәттi болады. Ұзақ та қуанышты өмiр сүру – бейбiтшiлiктiң жемiсi.

Жүректердi баурап алу – ұлы жеңiсө Оған көзсiз ерлiкпен де, түрлi айла-әдiстермен де жете алмайсың. Оған тек адамгершiлiкпен туындаған рухани қасиеттерге сүйенетiн сыпайы сенiмдiлiк қана жеткiзедi. Әлемнiң қай елiнде Қазақстандағыдай мемлекеттiк тұрғыда атап өтетiн «Рухани келiсiм күнi» бар?ө Ұлттың ұлылығын танытатын бұл шараның түпкi өзегiнде бiрлiк, тұтастық, достық жатыр емес пе? Осы күнi елiмiздiң әрбiр шалғайында өтетiн қайырымдылық акцияларының өзi ұлы далалық мейiрiмдiлiктiң жылуынан құралып отыр. Мереке – ас iшiп, аяқ босататын басқосу емес болса керек. «Рухани келiсiм күнiнде әлемдi жаңартудың кiлтi – ұлы мәдениет ретiнде қарастырылуы, елiмiздi одан әрi әлемге танытуға үлкен жол ашады.

Биыл – Қазақстан Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығы. Осыған орай, «Рухани келiсiмге бағыт алған 20 жыл» тақырыбында ғылыми конференцияның өткiзiлуi де өте құптарлық iс. Демек, Астанада өтетiн адамзат үшiн өмiрлiк маңызы бар бастаманы қолдауға, дамытуға және оны әлемге танытуға қолдау көрсеткенiмiз абзал. Рухты жанатын бұл форумның «Бейбiтшiлiк және келiсiм сарайының «Бесiк» залында өткiзiлуi, Тәуелсiздiгiмiздiң 20 жылдығына орайластырылып, 20 мың бауырсақ үлестiру, би өнерiн өткiзу қандай жарасымды. Осы жолда тұтастық, ұйымшылдық таныта бiлсек, қандай тамаша болар едi.

Әрине, жалпыхалықтың сүйiспеншiлiгiне бөленген жандар сирек. Ал парасатты кiсiлердiң сүйiктiсi болу – бұл нөпiр бақыт.

Ұлылық бәрiне ғашық еткiзедi, талғамға нәзiктiк, жүрекке кеңдiк, ойға шарықтау, мiнезге iзгiлiк бередi.

Рух ортақтығы үшiн өзара сенiм қажет. Досыңа көрсеткен iзгi қызметiң ұмытылмайды. Достыққа лайық болудың ең жақсы тәсiлi – достық ниет көрсету. Бойымыздағы жақсылықтың басым бөлiгi басқаларға байланысты өрбидi. Достар мен жауларыңның арасында өмiр сүруге тура келедi, сондықтан күн сайын жақын болмаса да тiлектес таныс табу рухыңды асқақтатады. Кiршiксiз сыйластық бәрiн жеңiлдетедi, бәрiн тыңдатуға идiредi. Ол, тiптi, айбынды, iзгiлiктi, бiлiмдi болуға итермелейдi. Менiң өз басым осы жолды қалаймын. Әрине, өмiр болғасын түрлi жағдайлар болады. Кемшiлiктi көрмеу, көре тұра үндемеу – нағыз көрсоқырлық. Мұндайда рухы әлсiздер үндемей қалуға тырысады. Отанға, елге, тiлге деген құрмет жоқ жерде бұғып қалған кезiм жоқ.

Рас, есепсiз достар болмайды, береке күндерi ол өзгелердi танымайды, ал ауырпалықта оны мойындамайды. Ең бiрiншiден, мен осындай жандарды мереке күндерi, достыққа, татулыққа, ортақ мақсат жолында бiрлiкке шақырамын!

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *