«Әлмеректе» 23 үйге газ берілді

«Nur Otan» партиясы халықтың мәселесін шешуде, мұң-мұқтажын тыңдауда, шешімін таппаған мәселелерімен қабылдауға қашан да дайын. Осы орайда еліміздің бас партиясының Түрксіб аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөліміне «Әлмерек» ықшамауданының тұрғындары өтінішпен келген еді. Сұрап отырған мәселелері – үйлерді газ желісіне қосу. Аманат арқалап келгендердің әңгімесін тыңдаған Түрксіб аудандық партия филиалының төрағасы Павел Сергеевич Кулагин тиісті органдарға тапсырма берді. Артынша аудандағы жеке компаниялардың бірі газ тарту жұмыстарын бастап кетті.  Қазіргі уақытта 23 үй газбен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, көпбалалы және аз қамтылған отбасы мүшелеріне, ардагерлер мен мүмкіндіктері шектеулі адамдарға 50 пайыз жеңілдік жасалып, 2 ардагердің үйіне газ тегін жүргізілді. Алдағы уақытта тағы 17 үйге газ жүргізу жұмыстары жоспарланып отыр. Халықтың сенімі серпіліп, үміті үкіленді. «Мәселенің ірісі немесе ұсағы болмайды» деген аудан әкімі халықтың мұң-мұқтажынан маңызды дүние болмайтындығын тағы бір рет ісімен дәлелдеді.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *